Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

1 2 3
«Күлкі терапиясы» республикалық финалда
23 Желтоқсан 2014
2014 жыл ҚММУ КТК ойыншыларының есінде көпке дейін сақталады. Тарихта тұңғыш рет, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Күлкі терапиясы» КТК командасы «Жайдарман» республикалық жоғары лигасының финалына шықты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
23 Желтоқсан 2014
15.12.2014 ж №2 Ішкі аурулар кафедрасында таңғы конференция кезінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 5В130100 Жалпы медицина мамандығының 6 курс интерн-терапевтерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті
Жас прозашылар конкурсы
22 Желтоқсан 2014
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында Ғ.Мұстафин атындағы прозашылар конкурсын өткізді. Конкурс бағдарламасында жас ақындар мен жазушылар жарысты.
«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы»
22 Желтоқсан 2014
2014 жылдың 9-10 - желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының жас ғалым кеңесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ұйымдастыруымен «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты Екінші халықаралық конференция өтті.
Туған тілім - таусылмайтын байлығым.
19 Желтоқсан 2014
Заманымыздың ақиық ақыны, Қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жазғандай:«Туған жерім-түп қазығым айбыным, туған тілім-таусылмайтын байлығым». Бұл сөздер туған тілдің, туған жердің әр адам үшін маңызы мен қажеттілігін көрсетеді. Біз, қазақ жастары үнемі өз атымызға лайықты болуға тырысамыз.
Пәнаралық оқыту
18 Желтоқсан 2014
2014 жылдың қарашасында пәнаралық оқыту аясында тағамтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасында балалар мен жасөспірімдер курсымен бірге, төртінші курс студенттері үшін семинар сабақ өткізілді («Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы).
Қарағанды қаласында ХАССП пилоттық жоба
18 Желтоқсан 2014
ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Халықаралық қайта құру және даму банкісімен қаржыланатын «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды жетілдіру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасының «ДСҰ қіруге дайындалу жағдайларында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Құттықтаймыз!
18 Желтоқсан 2014
Жалпы медицина факультеті 1-011 тобының студенттерін: А.Бурханова, А.Тельманов, О.Сияр - 2014 жылдың 28-қарашасында Теміртау қаласында өткен «Жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастырудың қазіргі заман мәселелері» атты V республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясында І орын жеңістерімен құттықтаймыз
Ресей Ұлттық фтизиатрлар қауымдастығының III Конгрессі.
18 Желтоқсан 2014
27-29 қарашада Санкт-Петербургта Ұлттық фтизиаторлар қауымдастығының халықаралық қатысушылармен III «Фтизиатрия дамуының заманауи бағыттары: туберкулезге қарсы күрестің тәжірибелік және ғылыми өңдеуі» конгресі өтті. Фтизиатриядағы пәнаралық байланысқа ерекше көңіл бөлінді.
"Бірге таланттымыз " ҚММУ медициналық колледжінде
18 Желтоқсан 2014
2014 жылдың 5-желтоқсанында ҚММУ медициналық колледж директорының ТЖ жөніндегі орынбасары А.А. Унгарбаева, педагог-психолог Д.А. Искакова және колледждің СӨЖК ұйымдастырған «Бірге таланттымыз» атты сайысы өтті. Сайысты өткізудің негізгі мақсаты - жастардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттіліктерін және танымдық белсенділіктерін ашу және дамыту, сахнада өзін-өзі ұстаудың эстетикалық нормаларын тәрбиелеу болып табылады.