Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интернат үйіндегі Жаңа Жыл.

Интернат үйіндегі Жаңа Жыл.

06 Қаңтар 2015

26 - желтоқсан күні жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары А.С.Байменова және 4 - курс СӨӨБК рақымдылық секторы Э. Азизова жетекшілігімен жалпы медицина және стоматология факультетінің 4 - курс белсенділері мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған интернат үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтауды жөн көрді.

Студенттер балаларға әр түрлі ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен оның немересі Ақшақардың қатысуымен жаңажылдық бағдарламаны дайындады. Ең кішкентай балалар үлкен құштарлықпен Аяз Атаға дайындаған өлеңдерін айтып берді. Әрбір бала үшін бақытты сәттердің бірі сыйлықтарды табыстау болды. Балалар өте риза болып, ертегі кейіпкелерімен қоштасқысы келмеді. Бірақ қатысушылар оларға тағы да келуге уәде берді.

«Бөбек» бөлімінің тәрбиешісі Г.Н. Лакбаева: «Біз сіздердің келгендеріңізге және балаларға көп қуаныш сыйлағандарыңызға өте  ризамыз... біздің өзіміз бүгінгідей көп сыйлық сыйлай бермейміз. Олар үшін бұл күн ұзақ жылдарға есте қалады, сіздерді асыға күтеміз».

Жаңажылдық таңертеңігілікке  келесі студенттер қатысты: Азизова Эмиля, Аристов Дмитрий, Борисевич Мария, Исаков Олжас, Куанышев Самат, Касьянов Сергей, Кыдыкенова Акбота, Мырзакеримова Асия и Сулейменов Мадияр.

Сулейменов Мадияр

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

4 - курс  СӨӨБК ақпараттық секторы


0
18261

пікірлер

пікір қалдыру үшін.