Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәжірибедегі студенттік орталықтандырылған оқыту

Тәжірибедегі студенттік орталықтандырылған оқыту

05 Қаңтар 2015

2014 жылдың соңғы аптасында әлеуметтану бойынша СОӨЖ сабағы 1-002 ЖЗ және 2-070 ЖМ топтарында (оқытушы-Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының доценті – А.М.Абикенова) интерактивтік түрде өтті. Интерактивтік сабақ онлайн режиміндегі вебинар түрінде өткізілді.

1-002 ЖЗ және 2-070 ЖМ топ студенттері оқыту үрдісінде өздерін белсенді қатысушы ретінде көрсетті. Әлеуметтік-зерттеулік жобаларын жүзеге асыру мақсатында, олар вебинарды өткізу бағдарламасын құрастырып, өз бетінше өткізді. Әдістемелік, ұйымдастырушылық және техникалық қызметтерімен қамтамасыз ету жолдарын студенттер өзара шешті.

Оқыту үрдісінде студенттің белсенділігі оқыту қызметі ретінде білім алу трансляциясы бойынша - жоғары білім берудегі Болон реформаларының негізгі қағидаты болып табылады.

Вебинар өткізу кезінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбие теориясы және методикасы кафедрасының м.ғ.д.,профессоры Тнимова Гульбагиза Тауфикқызымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

11.12.2014 жылы вебинар кезінде 1-002 ЖЗ тобында профессор Г.Т. Тнимова денсаулықтың гендерлік аспектісінің мәселесін қарастырды. Өзінің әлеуметтік-психологиялық зерттеу қорытындысында ол, денсаулықтың абстрактілі санат емес екендігін көрсетті. Ерлер мен әйелдердердің арасында өмірдің ұзақтығында, аурулардың дамуында, денсаулық тәжірибелерде айырмашылықтар бар.

2-070 ЖМ тобында «Оқытушының кәсіби ұшталуы» тақырыбы бойынша 31.12.2014 жылы өткізілді. Профессор Г.Т. Тнимова өзінің таныстырылымында оқытушының жасына және гендерлік айырмашылығына байланысты кәсіби ұшталу мәселесін қарастырды. Ол «ұшталу» синдромының коммуникативтік кәсіп өкілдері үшін тән икендігін белгіледі. Медицина қызметкерлері үшін бұл өзекті мәселе болып табылады.

Профессор Г.Т. Тнимованың баяндамасы екі топтың да студенттерінде қызығушылық тудырды. Қарым-қатынасты жалғастыру және бірігіп жобаларды қарастыру туралы шешім қабылданды.

Вебинар ұйымдастыру және өткізу кезінде студенттер жекелік және топтық зерттеулік жұмыстарының дағдаларын қабылдады, қолданбалы зерттеулердің рөлін байқады, сыни ойлау қабілеттерінің керектігіне және өзінің көзқарасында тұру қажеттілігіне көздері жетті.

Шакубаев Олжас, Етекбаева Айнур 2-070 ЖМ тобының студенттері

Федоськина Кристина, 1-002 ЖЗ тобының студенті


0
19450

пікірлер

пікір қалдыру үшін.