Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жоғары медициналық білім берудегі кредиттік технология

Жоғары медициналық білім берудегі кредиттік технология

29 Желтоқсан 2014

  Осындай тақырыптағы ғылыми-әдістемелік семинар 9-желтоқсан күні өткізілді.

  Енді ғылыми-әдістемелік семинар үш айда бір рет мерзімділікпен өткізілетін болады. Ұйымдастырушы ҚММУ оқу-әдістемелік кеңесі және оның Медициналық білім берудегі талдау және инновациялар орталығы болып табылады. Семинарды ұйымдастырушылардың мақсаты біздің университетіміздегі білім беру үдерісінің мәселелерін кеңінен талқылауға арналған алаң құру. Бұл әрі тәжірибе алмасу, әрі білім беру технологияларының әртүрлі өзекті мәселелері бойынша және ең бастысы, мамандарды дайындау сапасын жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасу.

Өткен семинардың тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Оқу жылының басынан бастап кредиттік оқыту технологиясына соңғы бірнеше жыл ішінде студенттердің ең үлкен қабылдауы жүргізілетін екі мамандық ауыстырылды: «жалпы медицина» және «стоматология».

Семинардың жұмысына кафедра меңгерушілері, жетекші және жас оқытушылар қатысты.

Толық мәжілісте кредиттік оқыту технологиясына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы мәселелері талқыланды.

Оқу тәрбие жұмысы жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский оқытудың осы технологияңға көшудің жағымды жақтарын, сонымен қатар, мәселелік сұрақтарын атап өтті. Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі департаменті әдістемелік бөлімінің басшысы И.М.Риклефс әлемдік білім беру контексіндегі кредиттік технологияның негізгі тенденцияларына шолу жасады. Кейін талқылау панелді сессияларда өткізілді.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқыту жүргізетін патологиялық анатомия, фармакология, анатомия, гистология, физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика кафедраларының меңгерушілері мен жетекші оқытушылары интеграцияланған оқытудағы кредиттік технологияны енгізудің тәжірибесі мен мәселелеріне талдау жасады.

Секциялық отырыстар барысында клиникалық кафедралардың өкілдері кредиттік технологияны енгізу шарттарында клиникалық оқытуды ұйымдастырудың жағымды және мәселелік жақтарына талдау жүргізді.

Базалық пәндер оқытушыларының қатысуымен сессиядағы талқылаулардың басты тақырыбы оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі болды. Әртүрлі кафедраларда оны ұйымдастыру қағидаларындағы ерекшеленетін тәсілдері және оқытушылардың да, студенттердің де кредиттік технологияның мәні туралы бірегей түсінік қалыптастыру үшін қажетті әдістемелік базаның қарама-қайшылықтары белгіленді.

«Инкорпорация симуляционного обучения в преподавание клинических дисциплин» атты сессияда ҚММУ-дағы симуляциялық оқытудың даму стратегиясының мәселелері, практикалық дағдылар орталығында СОӨЖ өткізу әдістері талқыланды. Резидентурада симуляциялық оқыту бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі атап өтілді.

Секциялардың жұмысы айтарлықтай нәтижелі өтті, біздің жоғары оқу орнында кредиттік оқыту технологиясын әрі қарай жетілдіру жолдары белгіленді.

ҚММУ оқу-әдістемелік кеңесі.


0
18803

пікірлер

пікір қалдыру үшін.