Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!

Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!

26 Желтоқсан 2014

  12.12.2014 жылы №4 жатақханада ҚММУ медициналық колледжінің 201 КСД тобында «Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» атты тәрбиелік мәні өте зор ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаты барысында 201 КСД тобының білім алушылары «Желтоқсан оқиғасы» туралы бейнебаянмен таныстырып өтті.

Желтоқсан оқиғасы, әсіресе Қайрат Рысқұлбеков жайындағы көріністер көрермендердің көзіне жас үйіріп, сол жерде отырғандардың барлығы «Желтоқсанның ызғарлы аязы мен суығын» өз бойларынан өткізгендей күй кешті. Бәріміз де «Желтоқсан оқиғасына» қатысып қайтқандай күй кештік. Тәуелсіздік жайында ән жырлар төгілді. Білім алушылардың мәнерлеп  оқыған жырлары, ән шашулары, әсем билері көрермен көңілін сергітті.

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!


0
19465

пікірлер

пікір қалдыру үшін.