Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары ҚМУ-нің шетелдік студенттерімен маңызды кездесуі өтті

Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары ҚМУ-нің шетелдік студенттерімен маңызды кездесуі өтті

13 Маусым 2024

2024 жылдың 13 маусымында Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары Ляззат Төкенқызы Ақылжанованың Қарағанды Медицина университетінің шетелдік студенттерімен маңызды кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қарағандыда шетелдік студенттердің тұруына байланысты маңызды мәселелер, мәдениетаралық алмасу, күнделікті өмір және мәдени өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Ерекше назар мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуға және күшейтуге, қалалық деңгейде бірлескен мәдени іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыруға аударылды.

Ляззат Төкенқызы Қарағандыда оқитын шетелдік студенттер қаланың мәдени ортасын байытып, толықтыратынын, қоғамдағы конфессияаралық, мәдениетаралық және халықаралық қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу құндылықтарын нығайтатынын атап өтті.

Біз студенттерімізбен мақтанамыз және қаламыз бен университетіміздің дамуы үшін осындай маңызды бастамаларды қолдауға қуаныштымыз!


0
1555

пікірлер

пікір қалдыру үшін.