Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттерден құттықтау

Студенттерден құттықтау

30 Желтоқсан 2014

Жаңа жыл қарсаңында Студенттермен тәрбие және әдеуметтік жұмыс бөлімі белсенді студенттермен бірлесіп дәстүрлі жаңа жылдық акцияны өткізді, келе жатқан мерекемен бөлімшелерді, деканаттарды, кафедраларды және университеттің басшылығын құттықтады. Бөлімшелерге сыйлыққа бөлім қызметкерлері дайындап шығарған ҚММУ ғимаратының көрінісі бейнеленген қабырғаға ілінетін түрлі –түсті күнтізбесін сыйлады, оның дизайнына бөлімнің барлық қызметкерлері қатысты.

Жарқын және есепсіз құттықтау үдерісінде: скрикашы Керимбаева Алтынайдың – әсерлі «В лесу родилась елочка»,«Jingle Bells» және басқа да  жаңа  жылдық хиттарды орындады; әнші Байназар Нұрлыайым ғажап жаңа жылдық әндерді шырқады; жылы лебізбен және шын жүректен шыққан сөзімен Маликайдар Айжан құттықтады; сонымен қатар поэтикалық клубтың атынан Садыхова Дана және Онбай Саламаттың өлең жолдары ерекше болды. Тосыннан шығарылған концерттің финалында Телманов Айдын қуатты аккордты домбырамен «Адай» күйін тартты. Кафедралар және университеттің деканаттыры мен кафедралары ғажап әсерде болды және назар құттықтаулары үшін студенттерге алғыстарын білдірді. Өз кезектерінде студенттер оқытушыларға олардың еңбектері үшін алғыстарын айтты және жаңа жылға ең жақсы тілектерін білдірді.

Жандос  Рахметов(5-021 ЖМ)


0
19853

пікірлер

пікір қалдыру үшін.