Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа жылдық ертегі

Жаңа жылдық ертегі

30 Желтоқсан 2014

Жаңа жылды тойлауға аз уақыт қалды! Жаңа жыл төңірегінде жақсылықтар жасап, ғажайыптарға сенгің келеді, себебі жаңа жылда барлық армандар орындалады дейді, студенттердің тәрбие және әлеументтік жұмысы бойынша бөлімі мен СӨӨБК қайырымдылық секторымен бірге жыл сайынғы әдетке айналғын жетілудегі мүмкіншіліктері шектеулі «Балалар үйіндегі жаңа жыл» атты акциясын өткізді. Акция барысында 90 мың  теңге жиналды, жиналған қаражатқа балар үйінің тәрбиеленушілеріне тәттілер мен жаңа жылдық есте қалатын сыйлықтар алынды.

24 - желтоқсан күні студенттер мен тәрбие және әлеуметтік жұмысы бөлімінің маманы А.С. Машрапова СӨӨБК қайрымыдылық секторы белсенділері Жумабекова Асель (4-099 ЖМ), Абдрахманова Адина (1-065 ЖМ), Жакипбекова Алия (1-065 ЖМ), Маликайдар Айжан (2-032 ЖМ),Мақсатұлы Сұлтан (5-020 ЖМ), Есіркеп Абай (2-079 ЖМ), Алдоңғаров Дәурен (1-026 ЖМ), Ахменова Акмарал (2-070 ЖМ), Мырзалы Тоғжан (2-068 ЖМ), Мырзагелди Зейнур (2-019 ЖМ) және Пшеничный Данил (1-065 ЖМ) ММ «Жетілудегі мүмкіншіліктері шектеулі балалар үйінде» жаңа жылды қарсы алу мерекелік іс-шарасын өткізді. Мерекелік іс – шарада университетіміздің түрлі факультеттері студенттері ат салысты, жас көрермендерге студенттеріміз өнерлерін актерлік шеберлік, табиғи сұлулық пен сөйлеу құдіретін көрсетуде аянып қалмады. Ерекше атап өткіміз келетіндер Жанаяпова Гульден (3026 ЖМ)(«Ертегілер» әні), Есіркеп Абай (2-079 ЖМ) (күй), Стыбаев Анар (1053 ЖМ) (үнді биі) және Абылбеков Султан (5020 ЖМ)(жаңа жылдық ән). Әрине мерекелік шарамыз, жас бүлдіршіндердің жүрегін жаулаған ақ көңілді Аяз ата (Мотохов Иван 4-093 ЖМ) мен Ақшақарсыз(Мухтарова Альмира 4-093 ОМ) өтпеді, мерекені жүргізген Абенова Адель(1-063 ЖМ).

Жас бүлдіршіндердің жадында қалатын, кішкене болсада жарық пен жылулық сыйлағанымызды сезінудің өзі бақыт. Мерекелік іс – шара бітуімен бүлдіршіндерге салтанатты түрде тәттілер мен ең басты сыйлық – жаңа ноутбук (жетілудегі мүмкіншіліктері шектеулі «Балалар үйіндегі жаңа жыл» атты акциясында студенттермен жиналған қаражат) сыйлық ретінде табыс етілді. Балар үйі басшылығы біздің студенттерімізге алғыстарын білдірді.

Университеттің қайырымдылық секторы атынан акцияға белсенді қатысып, шетте қалмаған  азамтаттарға, қаржы жинауда көмек көрсеткендер: №2 хирургиялық аурулар кафедрасы (мең. Е.М. Тұрсынов), тамақтану гигиенасы кафедрасы  (мең. С.П. Терехин), балалар хирургиясы кафедрасы  (мең. Б.А.Абеуов), иммунология және аллергология кафедрасы (мең. М.А.Газалиева) және де ҚММУ студенттеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!

Алғыспен,

СТ және ӘЖБ, СӨӨБК қайырымдылық секторы


0
18764

пікірлер

пікір қалдыру үшін.