Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңажылдық бал-маскарад

Жаңажылдық бал-маскарад

06 Қаңтар 2015

20 желтоқсан күні Нүркен Әбдіров атындағы спорткешенінде жаңажылдық бал-маскарад өтті. Бал-маскарад – бұл түрлі бетперделер киіп, әсем де әдемі костюмдермен киінген адамдардың билеген тамаша көрінісі. Осы аталмыш балдың басты шарты боп жаңажылдық бетперде киіп келу еді. Балға университетіміздің кез-келген студенті, яғни ол №1 жатақхана тұрғыны болмаса да, қатыса алды. Бал-маскарад кешкі 17:00-де басталып, 5 сағатқа созылды.  Осы ұзақ уақыт бойы зал салтанатты сезімге толып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Осы залдағы жаңа жылдың атмосферасы 1877 жылғы «Веналық балды» көз алдымызға елестетіп, сыйқырлы ертегілер әлеміне ұшырып алып кеткендей болды.

Кешіміздің негізгі жүргізушілері қызметін атқарған 7-курстың  студенттері Дәрібаев Мұрат пен  Шайхитдинова Алина болды. Аталған жаңажылдық мерекелік іс-шарада ҚММУ әкімшілігі тарапынан жалпы медицина және стоматология факультетінің 2-курс декан орынбасары Оспанова Динара Тулеувна болды. Бал университетіміздің беткеұстар халықтық шығыс билер «Қаракөз» ансамблінің орындауындағы «Қыз сезімі» атты салтанатты, әсем биімен ашылды. Ансамбль әдеттегідей өзінің жоғары деңгейін ұстап, қазақ халқының аса көрнекі классикалық, дәстүрлі биінің көркемдігін көрермен алдына паш етіп, мерекеміздің көркін келтірді. Кешіміз ыстық Үндістан елінен келген студентіміздің керемет биімен жалғасын тапты. Қатысушылар биді тамсана тамашалап, биші қыздың өнеріне тамсанып, өз көңілдерін көтерді. Содан кейін барлық студенттердің аса қатты күткен кезеңіне де келіп жетті. Вальс билейтін уақыт та келді!

Вальс билеуге сымбатты әрі әдемі 25 жұп бойжеткендер мен бозбалалар шықты.  Жұптар өздерін сан мың рет вальс билеп жүрген шеберлер ретінде өздерін танытып, көрермендер көзайымына айналды. Өздерін салтанатты әрі әсем безендірілген хан сарайында жүргендей сезінді. Осы би №1 жатақхана төрағасы Дәрібаев Мұраттың жетекшілігімен құрылып, студенттер алдына паш етілді. Балға университеттің «Ақжүніс» қыздар клубының да өкілдері келіп, өз атынан Керімбаева Алтынайдың скрипкада орындауындағы «Вальс» шығармашылығын көрермендер алдына ұсынып, сыйға тарты. Әлбетте, қай Жаңа Жыл Аяз атасыз өтпек? Иә, бұл мерекеміз де Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өтіп, әртүрлі ойындар ойналып, әзіл-оспақтар айтылып, сыйлықтар таратылды. Міне, осындай шаралармен балдың салтанатты бөлімі аяқталды. Ал келесі бөлімі түрлі биге толы дискокешке ұласып, өз жалғасын тапты!

№1 жатақхана СӨӨБК-нің өкілдері ҚММУ әкімшілігіне, соның ішінде  университет ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға аталмыш ұмытылмас және де керемет мерекелік іс-шарамызды өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз! Жалпы медицина және стоматология факультетінің 2-курс деканаты ұжымына аса үлкен құрметпен рахмет айтып,  студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс жасау бөліміне көмегі үшін ризалығымызды білдіреміз!

Беласаров Нұрберген,

Асетулоев Хуршед


0
19105

пікірлер

пікір қалдыру үшін.