Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шебер қолдар

Шебер қолдар

08 Қаңтар 2015

2014 жылы 18 желтоқсанның ҚММУ медициналық колледжінде «Шебер қолдар» атты сәндік–қолданбалы өнерден көрмесі өтті.

Бұл байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып жандандыру.

Байқауға І, II және III курс білім алушылары қолданбалы өнердің түрлі бағыттары бойынша сайысқа түсті: кесте тігу, панно, биссерден әшекей-бұйымдар жасау, тоқыма, мүсіндеу, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар және т.б.

Жұмыстардың ішінде көбі сурет салу өнері болды, суреттері арқылы олардың сезімдері мен шеберлігін ғана емес мінез-құлқы мен пейілін де көруге болады.

Бас жүлде иегері - 104КОМ білім алушысы Васильева Лидия;

1-  орын иегері - 202 КСД білім алушылары Дадобоева Мехрафруз және Комиссарова Вера;

2-  орын иегері – 106 КОМ білім алушысы Шимшилова Рузанна және 302КСО білім алушысы Бабенко Вероника;

3-  орын иегері – 302 КСД білім алушысы Михайлюкова Алена, 302КЛД білім алушысы Белякова Анастасия және 101 КОМ білім алушысы Исаханова Наргуль.

Сайысқа қатысқан білім алушылардың шеберліктері айналадағыларға шаттық пен көңіл елжірететін сезім сыйлады. Әділқазылар алқасы мен көрермендердің білім алушылардың қол өнер шеберліктеріне тәнті болып, жақсы көңіл-күй мен ләззат алғандарына күмән жоқ.

Байқаудың барлық қатысушылары алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


0
19079

пікірлер

пікір қалдыру үшін.