Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

2015-2016 оқу жылының магистратура және резидентура түлектері!
08 Тамыз 2016
2015-2016 жылы оқу жылында магистратураның ғылыми, педагогикалық және бейінді бағыттарының "Медицина", "Мейірбикелік іс", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Фармацевтикалық өндірістің технологиясы", "Медициналық-профилактикалық іс" мен "Биология" мамандықтары бойынша 44 магистерлік диссертация қорғалды.
Юткен шаққа экскурсия.
28 Шілде 2016
2016 жылдың 8 шілдесінде Акушерия және гинекология кафедрасының қызметкерлері Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайына» экскурсиялық сапармен барып қайтты.
Шет тілдер кафедрасындағы жазғы тіл мектебінің аяқталуы туралы
26 Шілде 2016
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасыніске асыру мақсатымен Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің шет тілдер кафедрасында 11.07.16ж. - 22.07.16 ж. аралығында «Студенттердің академиялық ұтқырлығы» атты жазғы тақырыптық тіл мектебі өткізілді.
Тюменьдегі тәжірибе
22 Шілде 2016
Маусымның 21-нен шілденің 4-і аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біз, Жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттері, Тюмень мемлекеттік медицина университетінде (Тюмень, Ресей) "Процедуралық мейірбике көмекшісі" атты оқу-өндірістік тәжірибесінен өттік.
Новосібір қаласының № 1 Қалалық клиникалық аурухана және № 1 Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында кәсіптік тәжірибеден өту туралы ақпарат
22 Шілде 2016
2016 жылғы 31 мамыр мен 4 шілде аралығында, біз, Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-курс студенттері Новосібір қаласының № 1 Қалалық клиникалық аурухана және № 1 қалалық балаларклиникалық ауруханасы базасында кәсіптік тәжірибеден оттік.
Курсанттар оқу-жаттығу жиындарын өтуде
22 Шілде 2016
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 207«2016 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар студенттерінің оқу-жаттығу жиындарын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, Қарағанды облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедра студенттері 7-28 шілде аралығында оқу-жаттығу жиындарына шақырылды.
Жас көшбасшылар бір мақсат жолында!
18 Шілде 2016
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бастаған «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізгі мақсаты болып табылады. Жастарға зор үміт және жауапкершілік қойылады.
Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау Басқармасында өткен аса қауіпті инфекциялар бойынша семинар
15 Шілде 2016
Шет ауданы, Еркіндік кентінде маусым айында болған оқиғаларға, сібір жарасымен екі адамның өліміне байланысты, Қарағанды облысы (ҚОДБ), Денсаулық сақтау Басқармасы, Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен (ҚММУ) бірлесе отырып, карантиндік инфекцияларға қарсы медициналық қызметкерлерді дайындау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ шет тілдер кафедрасының мастер-класы және академиялық ұтқырлығы
15 Шілде 2016
2016 жылғы 30 мамырдан 10 маусымға дейін шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. В.А.Бурмистрова «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбында, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ (Орал қаласы) 39 ПОҚ-тыңдаушылары үшін мастер-класс өткізді, олар өздерінің кәсіби қызметіне маңызды тақырыптармен таныса алды.
«Жеке даму биологиясы» мастер-класы
15 Шілде 2016
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында 2016 ж. 4 - 9 шілде аралығында ҮКДФ деканатымен бірге «Жеке даму биологиясы» тақырыбы бойынша мастер-класс ұйымдастырылып, өткізілді.