Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ шет тілдер кафедрасының мастер-класы және академиялық ұтқырлығы

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ шет тілдер кафедрасының мастер-класы және академиялық ұтқырлығы

15 Шілде 2016

2016 жылғы 30 мамырдан 10 маусымға  дейін шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. В.А.Бурмистрова «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбында, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ (Орал қаласы) 39 ПОҚ-тыңдаушылары үшін  мастер-класс өткізді,  олар өздерінің кәсіби қызметіне маңызды тақырыптармен таныса алды.

Өткізілген мастер-кластың негізгі мақсаты ретінде жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың теориялық және практикалық аспектілері бойынша  ақпаратты ұсыну осы салада проблемалық сұрақтардың шешу жолдары бойынша тәжірибе алмасу болды.

Тыңдаушыларға мастер-класта талқыланған  аспектілерді, кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың әдістемесін тәжірибеде қолдану академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде «Кәсіби-бағдарланған шет тілі»  пәні бойынша «Кәсіби оқыту» 5012000 мамандығының  3-курс студенттері үшін  өткізілген тәжірибелік сабағында көрсетілді. Көрсетілген мерзімде В.А.Бурмистровамен  9 тәжірибелік сабақ және 4 ОСӨЖ сабағы өткізілді.

 Жәңгір хан атындағы БҚАТУ  басшылығынан  ПОҚ келесі тобы үшін 2017 жылдың қыс мезгілінде академиялық ұтқырлық және мастер–класс бағдарламасы шеңберінде қайта сабақты өткізуге шақыру алуы  Орал қаласындағы жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын айғақтайды. 


0
7002

пікірлер

пікір қалдыру үшін.