Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Юткен шаққа экскурсия.

Юткен шаққа экскурсия.

28 Шілде 2016

2016 жылдың 8 шілдесінде Акушерия және гинекология кафедрасының қызметкерлері Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайына» экскурсиялық сапармен барып қайтты. Мұражай 1933 жылы сталиндік неоклассицизмнің қатаң стилінде жобаланған және тұтқында отырғандардың қолымен тұрғызылған, бұрынғы лагерь басқармасының үлкен екі қабатты ғимаратында орналасқан. Мұражай 2001 жылы Ел Президентінің тапсырмасымен құрылған. Осыған дейін сегіз жылға жуық экспозиция Карлагтың бұрынғы медсанбөліміндегі кішкентай үй-жайында болған. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында ауқымды түрде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Лагерьдің басты басқармасының ғимаратын қайта қалпына келтіруге бюджеттен 200 млн теңгеден артық қаржы жұмсалды.

Мұражайдың әрбір бөлмесінде сол қорқынышты дәуірдегі жеке адамдардың өмір тарихы берілген.  Сонымен қатар, осы ғимаратта тек қана саяси түзетілген әдебиеттері бар қарапайым карлагтың кітапханасы, көркемөнерпаздар дайындалатын шағын акт залы және саяси тұтқындар немесе әскери бейтарапталған тұтқындар өмір сүрген казарма түріндегі бөлмелер бар. Карлаг бастығының кабинетіне де кіру мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда оның «иесі», арнайы технологиямен жасалған фигура терезеден бірдеңеге қарап тұр ғандай, сондай-ақ, сол замандағы тұрмыстық заттарды да көруге болады: үлкен жазу үстелі, қабырғада  Феликс Дзержинскийдің портреті, қызыл жалау және ескі «ЗИЛ» қабылдағышы. Әрі қарай ерлер мен әйелдер отырған камераларды төменге түсіп көруге болады, онда қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқандар лагердегі тұтқындардың дерекнамасын оқып отырып, кейбір портреттік ұқсастықтарды, қондырғыларды барынша сол күйінде сақтауға тырысқан. Тек  манекендердің  көздеріндегі қорқыныш қана өзгеріссіз қалған.

Экскурсия барлығымызға керемет әсер қалдырды, әрі қызықты және танымдық болды, әрқайсымызға біздің өлкенің тарихына қол тигізуге, сондай-ақ,  Карлагтың құрылу тарихы туралы білімді толтыруға, Қазақстандағы тарихи күрделі саяси қуғын-сүргін кезеңі туралы терең білуге мүмкіндік берді.

Кафедра қызметкерлері осы шараны ұйымдастыруда автокөлік бөліп, экскурсияны жүзеге асыруға мүмкіндік берген ҚММУ пайдалану жұмыс тары жөніндегі Департамент қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіреді. 


0
7587

пікірлер

пікір қалдыру үшін.