Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау Басқармасында өткен аса қауіпті инфекциялар бойынша семинар

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау Басқармасында өткен аса қауіпті инфекциялар бойынша семинар

15 Шілде 2016

Шет ауданы, Еркіндік кентінде маусым айында болған  оқиғаларға, сібір жарасымен екі адамның өліміне байланысты, Қарағанды облысы (ҚОДБ), Денсаулық сақтау Басқармасы, Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен (ҚММУ) бірлесе отырып, карантиндік инфекцияларға қарсы медициналық қызметкерлерді дайындау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

04.07.2016ж., 07.07.-08.07.2016 ж. ҚООБ селекторлық залында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі Антонина Аркадьевна Ким , Қазақстан Республикасы (ҚР) үшін өзекті болып табылатын аса қауіпті, карантиндік инфекциялар бойынша теледәрістер циклін өткізді. Семинарға облыстың 20 өңірі қатысты:

Саран қ. ОА, Шахтинск қ.ОА, Жезказған  аймақтық өкілдігі, Приозерск қ.ОА, Қаражал қ. ОА, Балқаш қ. ОА, Абайлық ОАА, Ұлытау, Ақтоғай, Жаңаарқа, Шет, Бұқар-жырау, Осакаровка, Нұра және т.б. аудандар. Сондай-ақ, Қарағанды қ. ЕПҰдәрігерлері – инфекционисттер, терапевттер, хирургтар, травматологтар, дерматовенерологтар және т.б.қатысты.

А. А Ким АҚИ ерте диагностикасына тоқталды, аурудың клиникалық көріністері бойынша болжамды сырқаттың жағдайына, зертханалық зерттеулерге сәйкес , этиологиялық факторын тексеру нәтижелері бойынша – эпидемиологиялық анамнез мәліметтері бойынша ықтимал жағдайды атап өтті. «Сібір жарасы», «Оба», «Туляремия», «Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы», «Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба», «Құтыру» тақырыптары бойынша сұрақтар болды.

Бұл аурулардың ҚР табиғи ошағы бар, сондықтан дәрігерлерден білім, сақтық және қырағылық талап етіледі. Қарағанды қаласы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жұмысының материалдары бойынша , Сібір жарасынан қайтыс болған науқастардың клиникалық жағдайлары келтірілген, жеке жұмыс тәжірибесі, ҚР Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы ошағындағы жеке жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірілді. АҚИ бойынша ДДҰ,SDS кейінгі жылдардың мәліметтері келтірілді. Тыңдаушылар теледәріске атсалысып, onlinе режимінде көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға дәрістік материал берілді.


0
7829

пікірлер

пікір қалдыру үшін.