Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жеке даму биологиясы» мастер-класы

«Жеке даму биологиясы» мастер-класы

15 Шілде 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында 2016 ж. 4 - 9 шілде аралығында ҮКДФ деканатымен бірге «Жеке даму биологиясы» тақырыбы бойынша мастер-класс ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл тақырыптың өзектілігі «Жалпы медицина» мамандығы студенттерінің биомедициналық ғылым саласындағы білім құзыреттілігін элективті пәнді оқу арқылы қалыптастырумен анықталды. Бұл мастер-класс зияткерлік меншікті коммерцияландыру шеңберінде өткізілді.

Тыңдаушылар ҚММУ медициналық-биологиялық бағыт мамандарынан және кафедраларының оқытушыларынан құралды.

Кафедраның профессоры Б.Ж. Құлтанов және доценті Б.Т. Есілбаева замануи даму биологиясының өзекті сұрақтары бойынша материалдар ұсынды, оқытудың белсенді түрлерін қолдана отырып тәжірибелік сабақтар, талқылаулар, тренингтер өткізді.   

Соңғы күні мастер-кластың қорытындысы жасалып, тыңдаушылардан  кері байланыс алынды, мастер-класқа қатысушыларға  сертификат берілді.

Мастер-класс кәсіби деңгейде, достық қарым-қатынас жағдайында  өтті.

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


0
7319

пікірлер

пікір қалдыру үшін.