Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Новосібір қаласының № 1 Қалалық клиникалық аурухана және № 1 Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында кәсіптік тәжірибеден өту туралы ақпарат

Новосібір қаласының № 1 Қалалық клиникалық аурухана және № 1 Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында кәсіптік тәжірибеден өту туралы ақпарат

22 Шілде 2016

2016 жылғы 31 мамыр мен 4 шілде аралығында, біз, Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-курс студенттері Новосібір қаласының № 1 Қалалық клиникалық аурухана және № 1 қалалық балаларклиникалық ауруханасы базасында кәсіптік тәжірибеден оттік.

№ 1 Калалықклиникалықаурухана - Новосібірқаласыныңеңірікөпбейіндімедициналықмекемесі.

Аурухана тарихы 1930 жылдан бастау алады. Бүгінгі күні медициналық мекеме 1485 төсек – орынға есептелген, 72 емдеу-диагностикалық бөлімдері мен бөлімшелері бар. Оның iшiнде: онкологиялық бөлімшелер (онкоурология бөлімшесі, торакалдықбөлімше, бас және мойын ісіктері бөлімшесі), радиология, хирургия бөлімшесі(шұғыл көмек көрсету бойынша), травматология, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, урология бөлімшелерi, қан-тамырлар хирургиясы; жүктіліктің акушерлік патологиясы,жаңа туған нәрестелерге арналган бөлімше; 3 анестезиология және реанимация бөлімшесі, қан құю бөлімшесі, неврология бөлімшесі, кардиология бөлімшесі, аймақтық тамырлар орталығы, эндокринология, гастроэнтерология, пульмонология бөлімшесіжәне екi оперблок т.б.

Біз тәжірибиенiдәрігер-ординаторлардың көмекшілері ретінде «Хирургия» циклынаң бастадық. Біз онкоурология, офтальмология, оториноларингология, шұғыл хирургиялық бөлімшеде жұмыс жасадық. Цикл ішінде біз ота жасау кезінде көмекші ретiнде қатыстық, теориялық тұрғыдан техникамен танысып және нефрэктомия, простатэктомия, катарактаны түзету сынды шұғыл хирургиялық оталардың барысын тамашалау мүмкіндігінде ие болдық.

«Акушерия және гинекология» циклі жүктілік патологиясы, босанғаннан кейінгі және перзентхана бөлімшесiнде оттi. Біз анамнез жинау және жүктілерді жалпы қарау, ішкі және сыртқы акушерлік зерттеу откiздiк, ассистент ретiнде кесер тілігін салуға қатыстық.

 «Терапия» циклінің келесі екі аптасын біз кардиология бөлімi және кардиореанимация бөлiмшесінде откiздiк. Емдеуші дәрігерлермен бiрге карауға қатыстық, анамнез жинадық, физикальдық тексеру дағдыларын шыңдадық, ишемиялық жүрек ауруына шалдыққан науқастардың алты минуттық жүру тестiн өткіздік және жүрек патологиясын емдеу қағидаларымен осы бөлімшеде таныстық.

Кардиореанимация бөлімшесінде біз инсульт алған, миокард инфарктісін бастан өткерген пациенттерді қарадық, өкпе артериясының тромбоэмболиясымен ауыратын науқастар диагностикасы мен емдеу әдістерімен, тромболитикалық терапия принциптерімен таныстық.

«Балалар аурулары» циклі № 1 қалалық клиникалық балалар ауруханасында өттi. Ауруханада жалпы терапиялық бөлімшелерден басқа да бөлімшелер бар. Оның iшiнде: инфекциялық, нейрохирургиялық, хирургиялық, реанимациялық-анестезиологиялық стационарлар бар. Осы цикл аралығында біз коммуникативтік дағдыларды жетілдірдiк, нейрохирургиялық, инфекциялық және реанимациялық-анестезиологиялық стационарлар жұмысымен, жабдықталуымен таныстық, ауруларды қабылдау бөлімшесінiң жұмысына қатыстық.

Новосібір қаласында болу, бес апта бойы екі клиникалық базада кәсіптік тәжірибиеден өту-есте қаларлық нәрсе.

Университет және аурухана әкімшілігі біздi жылы қарсы алды, кез келген сұрақтарымызға жауап беруге, сондай-ақ, әр түрлі конференцияларға қатысуға мүмкіншiлiк болды. Осы үшін алғысымызды білдіреміз.

Біз, «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттерi, кәсіптік тәжірибеден өту мүмкіндігін бергені үшiн біздің Университетімiзге (ҚММУ) шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Баян Арыстанбекова

Александр Калугин

Людмила Цой

Наталья Ясная

Екатерина Лялина

Оксана Еременко

Эльярбек Ташметов

Далида Койлыбаева

Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-курс студенттері


0
8139

пікірлер

пікір қалдыру үшін.