Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас көшбасшылар бір мақсат жолында!

Жас көшбасшылар бір мақсат жолында!

18 Шілде 2016

Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бастаған «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізгі мақсаты болып табылады. Жастарға зор үміт және жауапкершілік қойылады. 

2016 жылдың 23-24 маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастар істері жөніндегі комитеттердің рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға Қазақстанның барлық аймақтарының жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас көшбасшылары қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан жастармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы А.А.Мамбетова қатысты. 

Семинар алдында ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері сөз сөйлеген «Қазақстандағы білім беру реформаларының негізгі аспектілері» сұхбаттық алаңы құрылды. Екі күн бойы семинарға қатысушылар жастар саясаты саласындағы келесідей өзекті тақырыптар бойынша тренингтерге қатысты – жастар ісі жөніндегі комитеттің құқықтық нысаны және олардың құзыреттері, ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесінде аймақтардан еріктілердің қатысуы, жастар арасындағы дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерінің алдын алу және анықтау, корпоративтік волонтерлікті дамыту, SMM – дамыту (social medical marketing), жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту.

Семинар қатысушыларына арналған мәдени бағдарлама Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мұражайларында өтті. Сонымен қатар, жас көшбасшылар қаланың көрікті жерлеріне барды(Хазрет Сұлтан мешіті, «Ақ Орда» президенттік резиденциясы, заманауи астананың символы – Бәйтерек).

Семинар соңында «Білім беру жүйесінің жастар ісі және кәсіпорын комитеттерінің үздік тәжірибелері» дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған семинар-тренинг мемлекет аймақтарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің тәжірибемен алмасуының таптырмас құралы болып табылады. Іс-шараны ұйымдастырған «Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығының өкілдеріне алғыс білдіреміз және әріқарайғы ынтымақтыстыққа үміттенеміз. 

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
7105

пікірлер

пікір қалдыру үшін.