Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2015-2016 оқу жылының магистратура және резидентура түлектері!

2015-2016 оқу жылының магистратура және резидентура түлектері!

08 Тамыз 2016

2015-2016 жылы оқу жылында магистратураның ғылыми,  педагогикалық және  бейінді бағыттарының "Медицина", "Мейірбикелік іс", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Фармацевтикалық өндірістің технологиясы", "Медициналық-профилактикалық іс" мен "Биология" мамандықтары бойынша 44 магистерлік диссертация қорғалды.

Барлық диссертациялық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен жоғары бағаланып, отырған мамандардың  «өте жақсы» және «жақсы» деген бағалары қойылды. Ғылыми жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қорғалды.

18 мамандық  бойынша 79 резидент  оқуды аяқтады: «Невропатология, о.і балалар», «Педиатрия», «Неонатология», «Сәулелі диагностика», «Эндокринология, о.і балалар», «Оториноларингология, о.і балалар», «Онкология, о.і балалар», «Урология және андрология, о.і балалар», «Травматология және ортопедия, о.і балалар», «Жұқпалы аурулар, о.і  балалар», «Кардиология, о.і балалар», «Психиатрия», «Гематология, о.і балалар», «Акушерлік және гинекология, о.і балалар», «Балалар хирургиясы», «Ревматология, о.і балалар», «Офтальмология, о.і балалар», «Бет-жақ сүйек хирургиясы, о.і балалар».

Резиденттердің мемлекеттік  қорытынды аттестациясы тест түрінде 2 кезең бойынша өтті:

1-ші кезең – клиникалық құрылымдық объективті емтихан (КҚОЕ)

2-ші кезең – Республикалық білімді және дағдыны бағалау орталығымен құрылған кешенді тестілеу ҚММУ компьютерлік базалық орталығында  болды.

МАК шешімі бойынша 79 резидентке  (100%) дәрігер мамандығы біліктілігі берілді.


0
8716

пікірлер

пікір қалдыру үшін.