Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тюменьдегі тәжірибе

Тюменьдегі тәжірибе

22 Шілде 2016

Маусымның 21-нен шілденің 4-і аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біз, Жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттері, Тюмень мемлекеттік медицина университетінде (Тюмень, Ресей) "Процедуралық мейірбике көмекшісі" атты оқу-өндірістік тәжірибесінен өттік.

Қалаға келгеннен кейінде деканат пен біз барған клиниканың мейірімді қызметкерлерін тек жақсы сөзбен еске алдық. Біз №1 Тюмень облыстық клиникалық аурухананың хирургтер консилиумына қатысу құрметіне ие болдық, содан кейін біз күйік бөліміне бардық.

Тәжірибе бойы біз осы бөлімде болдық. Біз таңу бөлмесінде медбикелерге көмек көрсеттік, ауру тарихымен, ауруханаға түсу және жазылып шығу журналымен жұмыс жасадық, науқастарды тамақтандыру және тасымалдау жұмыстарын атқардық, бөлімше құжаттарымен таныстық, термометр, сондай-ақ, медбикелердің қадағалауымен тамырға, бұлшықет ішіне және тері астына инъекциялар егу сияқты іс-әрекеттер жасадық, тіпті аутодермопластика және некрэктомия жүргізу кезінде де қатыстық.

Біз, жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттері, Ресейде оқу-өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік бергені үшін университетімізге (ҚММУ) өте ризамыз.

Валиева Алёна.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенті


0
7471

пікірлер

пікір қалдыру үшін.