Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ұстаздық еткен жалықпас...
29 Желтоқсан 2016
Университетіміздің қазақ тілі кафедрасында «Гипертония» тақырыбымен кәсіби қазақ тілі пәнінен ерекше мағыналы ашық сабақ өтті. Сабақ п.ғ.м., аға оқытушы А.К.Алпысбаеваның жетекшілігімен TBL, team-based learning-командалық бағытпен оқыту әдісімен жүзеге асты.
Салауатты ұлтқа қадам жасау жолында.
28 Желтоқсан 2016
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенттері, резиденттері және студенттері СӨС ұйымдастыру орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды облысы әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының базасында қатерлі факторларды анықтау мен созылмалы аурулардың алдын алуға бағытталған көшпелі шаралар жүргізді.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы
28 Желтоқсан 2016
2016 жылдың 13-желтоқсанында анатомия кафедрасының жетекшілігімен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде « Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеші өткізілді.
Резиденттердің академиялық ұтқырлығы
28 Желтоқсан 2016
2016 жылдың 5 желтоқсанынан 15 желтоқсан аралығында Астана қаласында «University Medical Center» КҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өткен «Педиатрия» (3 адам) және «Неонатология» мамандықтары бойынша (4 адам) екінші жыл оқытудың резиденттері білім алып келді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл
27 Желтоқсан 2016
7 желтоқсанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Ынталы студенттер клубымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Тіл – Тәуелсіздік діңгегі
26 Желтоқсан 2016
2016 жылдың 20 желтоқсанында «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» атты декадасына орай иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі М.А. Газалиева және кафедра оқытушыларының басшылығымен, жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттірінің қатысуымен «Тіл – Тәуелсізідік діңгегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Позитивті психотерапиядағы мәдени және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер
26 Желтоқсан 2016
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін тойлаудың 25 күні психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасында авторы әйгілі психотерапевт Носсрат Пезешкиан болып табылатын позитивті психотерапия әдісін дәріптеу белгісімен атап өтілді.
ҚАЗАҚСТАН ГЕПАТОЛОГТАРЫНЫҢ III КОНГРЕСІ. ГЕПАТОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ
26 Желтоқсан 2016
2016 жылдың 16-17 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан гепатологтарының III конгресі өтті. Конгреске Италия, Испания, Корея, Ресей, Армения, Түркия, АҚШ, Венгрия, Ұлыбритания сияқты алыс және таяу шет елдерінің өкілдері қатысты.
Жаңа жылға жаңа жеңістермен!!! ҚММУ Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы
23 Желтоқсан 2016
2016 жылдың22 желтоқсанында ҚММУ жиын залында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысты Ғылыми кеңестің төрайымы, ҚММУ ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова ашты. Раушан Сұлтанқызы барлық отырғандарды ҚММУ «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің табысты жұмысымен құттықтап, PhD докторының дипломдарын Дмитрий Николаевич Матюшкоға және Евгения АлександровнаКолесниковаға табыстады.
«Ақжүніс» Н. Тестемицану ат-ғы медицина және фармация университетінде қонақта (Молдова)
23 Желтоқсан 2016
Қараша айының 28-ші жұлдызы күні академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Молдовада білім алып жатқан «Ақжүніс» қыздар клубының президенті Жакенова Альбина және ҚММУ 4-курс студенті Иргебаева Айжан Қарағанды Мемлекет Медицина Университетін таныстыру мақсатында Молдова Университетінде жиналыс өткізді.