Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Резиденттердің академиялық ұтқырлығы

Резиденттердің академиялық ұтқырлығы

28 Желтоқсан 2016

2016 жылдың 5 желтоқсанынан 15 желтоқсан аралығында Астана қаласында  «University Medical Center»  КҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өткен «Педиатрия» (3 адам) және «Неонатология» мамандықтары бойынша (4 адам) екінші жыл оқытудың резиденттері білім алып келді.

Резиденттер Солтүстік-батыс Федералды аймақ округіндегі Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басты балалар анестезиолог-реаниматологы,  профессордың дәрістеріне қатысты, «Инфузионды  терапия» және «Инотропты  терапия» тақырыбында педиатриядағы қалалық аттестациялық комиссия мүшесі, балалар анестезиологы және реаниматологы - Ю.С. Александровичтің, және де «Жансыздандыру» тақырыбында Москва қаласының анестезиолог-реаниматологы, профессор В.И.Заболотскийдің дәріс сабақтарына қатысты.

Педиатр резиденттер кардиоревматология және  нефроурология бөлімшелерінде, ал неонатолог резиденттер дәрігерлік жан сақтау бөлмесі және жаңа туылған нәрестелерді  күту бөлімшелерінде білім алды.

Оқу барысында резиденттер келесі манипуляцияларда дағдыланды: кеңірдек интубациясы,  кіндік көктамырын катетерлеу, сурфактант-алмастырушы терапия, қарыншаларды тесу және т.б.

Резиденттер академиялық ұтқырлықты ұйымдастырғаны  үшін ҚММУ ректоры, м.ғ.д. профессор Р.С. Досмағамбетоваға, Клиникалық жұмыс және ҮКД жөніндегі проректоры, м.ғ.д. профессор Б.Н.Кошероваға, ҮКДФ деканы, м.ғ.к. профессор м.а. Л.Х.Асеноваға алғыс айтады.

2 жыл оқытудың

Неонатолог-резиденті 

А.Д.Беказинова


0
6569

пікірлер

пікір қалдыру үшін.