Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Позитивті психотерапиядағы мәдени және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер

Позитивті психотерапиядағы мәдени және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер

26 Желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін тойлаудың 25 күні психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасында авторы әйгілі психотерапевт Носсрат Пезешкиан болып табылатын позитивті психотерапия әдісін дәріптеу белгісімен атап өтілді.

Позтивті психотерапия әдістемесін 3 жыл бойы кафедра оқытушылары «Психология негіздері», «Клиникалық психология негіздері», «Коммуникативтік дағдылар» пәндерінен медицинада тиімді мәдениаралық коммуникацияға жету үшін оқу үрдісіне сәтті енгізуде.

Әдістің басты жетістігіне әр түрлі мәдени және отбасылық құндылық пен дәстүрдің бірлесуі арқасында ұлтаралық келісімге жету мүмкіндігі жатады. Түрлі курстар мен мамандықтардағы студенттер топтарында өтетін сабақта кафедра оқытушылары әр түрлі мәдениет және ұлт өкілдерінің тарих, ұлттық эпос, мысалдар, мақалдар, ертегілер, әзілдердің арқасында бір-бірімен жақындасуы туралы позитивті психотерапияның мүмкіндіктері туралы айтты. Тиімді коммуникативті дағдыларға ие дәрігер және көп ұлтты мемлекет азаматтары ретінде осы бағытта даму тілектері мен қызығушылықтарын көрсете отырып студенттер бұл тақырыптағы әңгімеге белсенді қатысты. 


0
6166

пікірлер

пікір қалдыру үшін.