Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы

28 Желтоқсан 2016

2016 жылдың 13-желтоқсанында анатомия кафедрасының жетекшілігімен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде « Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеші өткізілді. 

Кештің мақсатты: студенттердің патриоттық сезімдерін ояту, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін айту , тәуелсіздік жолында құрбан болған аға –әпкелерімізді еске алу.  

Бұл іс-шара 1,2- курс студенттерінің белсенді ат салысуымен өтті . Кешті 2007, 2015 студенттері Калтаева Асель және Төленді Жандос жүргізді. Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының    Ән ұранымен ашылды. Кеш барысында желтоқсан оқиғасы бойынша сахналық көрініс қойылды. Көрініс барысында сол бір қайғылы оқиғаны еске түсіріп, көздеріне жас алғандары да болды. Көріністің басты рөлдерін сомдағандар: елі үшін құрбан болған Қайрат Рысқұлбековты  Ахмет Мағаз, оның анасын Аффтандилқызы Айзада көрермендерді сол бір оқиға болған сәттің жетегіне алып кетті.

Мерекелік кеште Желтоқсан оқиғасын жырлаған   ақындарымыздың жүрегінен қан жылатып шыққан өлеңдері оқылды.

Кеш барысында патриоттық әндер орындалып, күйлер шертілді .

Соңында кештің қонақтары  сөз сөйледі : шетел бөлімінің деканы Доскожин Дулат Мукажанович, 1-курс деканының орынбасары Байменова АйманСсерикбаевна,2-курс деканының орынбасары Мухтарова Индира Багдатовна .

Автор: Калтаева Асель,Ахмет Магаз


0
6694

пікірлер

пікір қалдыру үшін.