Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұстаздық еткен жалықпас...

Ұстаздық еткен жалықпас...

29 Желтоқсан 2016

Ұстаз талантты болса,

Шәкірті талапты болады.

Халық даналығы

Университетіміздің қазақ тілі кафедрасында «Гипертония» тақырыбымен кәсіби қазақ тілі пәнінен ерекше мағыналы ашық сабақ өтті. Сабақ  п.ғ.м., аға оқытушы А.К.Алпысбаеваның жетекшілігімен TBL, team-based learning-командалық бағытпен оқыту әдісімен жүзеге асты.

Сабақ өте жүйелі, жинақы, жан-жақты болды. Тақырыптың ғылыми негізділігі, нақтылығы, дәлелділігі, шынайылығы басты назарда болды. Студенттер жинақтаған білімдерін кәсіби бағдарда ұтымды пайдаланып, құзіреттілігіі мен қабілеттерін ортаға сала білді. Сабақта шәкірт білімдерін бақылау мақсатында пайдаланылған ойын әдістері, ой түйін жасау, миға шабуыл жасау арқылы мағынаны тану сынды түрлі әдіс-тәсілдер сабақтың өз мақсатына жету жолында ұтымды шықты. Оқытушының сабақта ұйымдастырушы және дирижер ретінде өз-өзін ұстауы, оның мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, студенттерімен өзара қатынасы, барлығы әріптестерін тәнті етті. 


0
6285

пікірлер

пікір қалдыру үшін.