Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа жылға жаңа жеңістермен!!! ҚММУ Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы

Жаңа жылға жаңа жеңістермен!!! ҚММУ Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы

23 Желтоқсан 2016

2016 жылдың22 желтоқсанында ҚММУ жиын залында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысты Ғылыми кеңестің төрайымы, ҚММУ ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова ашты. Раушан Сұлтанқызы барлық отырғандарды ҚММУ  «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің табысты жұмысымен құттықтап, PhD докторының дипломдарын  Дмитрий Николаевич Матюшкоға және  Евгения АлександровнаКолесниковаға табыстады.

Бұдан кейін Раушан Сұлтанқызы 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.  2016 есеп беру жылында  ЖОО қол жеткізген барлық табыстар мен жетістіктер атап өтілді. Залда қатысып отырғандардың барлығы  ЖОО алдына қойылған барлық міндеттердің орындалғанын қуанышпен атап өтті. Бұдан кейін сөз алған стратегиялық дамыту, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі  проректор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова профессорлар-оқытушылар құрамын  2017 жылы ЖОО алдына қойылған жоспарлармен таныстырды. Адами ресурстар департаментінің  директоры Елена Александровна Кравцив ҚММУ ПОҚ қызметінің рейтингілік бағалау нәтижелерімен таныстырды.“Үздік теориялық кафедра” номинациясында бірінші орынға  микробиология кафедрасы; “Үздік клиникалық кафедра” номинациясында -№1 ішкі аурулар кафедрасы ие болды.

“Үздік кафедра меңгерушісі” номинациясында микробиология кафедрасының меңгерушісі Сауле Балтабаевна Ахметова дипломмен марапатталды; “Үздік профессор” номинациясында - Майда Масхаповна Тусупбекова, профессор, патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі; “Үздік доцент” номинациясында - Клюев Дмитрий Анатольевич, биологиялық химия кафедрасының доценті; “Үздік аға оқытушысы” номинациясында - Сауле Карсенбаевна Медиева, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы (сырттай қосымша жұмыс істеуші);  “Үздік оқытушысы” номинациясында -  Людмила Андреевна Демидчик, биологиялық химия кафедрасының оқытушысы; “Үздік ассистент” номинациясында -  Лейла Саруаровна Аппазова, акушерия және гинекология кафедрасының  ассистенті; “Үздік жас ассистент/оқытушы” номинациясында -  Юлия Леонидовна Романюк, №1 ішкі аурулар кафедрасының ассистент-стажеры (сырттай қосымша жұмыс істеуші); “Үздік тәлімгер” номинациясында - Замира Азыевна Кенжетаева, №1 жалпы дәрігерлік  тәжірибе кафедрасының ассистенті. Барлық жеңімпаздар бір реттік ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Сонымен қатар, Ғылыми кеңес отырысында ҚММУ 2016 жылдың 12-23 желтоқсаны аралығында өткен «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» қазақ тілінің он күндігі байқауының нәтижесі бойынша жүлделер үлестірілді. Он күндікке белсенді қатысқан кафедралар жүлдеге ие болды. Сараптау комиссиясының шешімімен «Апталыққа атсалысайық!» байқауында  №2 балалар аурулары кафедрасы Гран-при иегері атанды,  І орынға– иммунология және аллергологиякафедрасы, ІІ орынға – №1 балалар ауруларыкафедрасы және еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, балалар және жасөспірімдер гигиенасыкафедрасы, ІІІ орынға - №1 қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау кафедрасы, гистология кафедрасыжәне медициналық биофизика және информатикакафедрасы ие болды. Онкология, биологиялық химия, балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология, балалар жұқпалы ауруларыкафедраларына қатысқаны үшін алғыс білдірілді. «Үздік эссе» номинациясында ЖМжәнеС факультетінің 5-курсында оқитын 5-038 тобының студенті Айгерим Батырбеккызы Калгапбар жеңімпаз атанды; ӘБП өзге ұлт өкілдері арасында «Үздік жазба жұмысы»  номинациясында стратегиялық дамыту бөлімінің маманы Пак Катерина Викторовна, ал  ПОҚ арасында- иммунология және аллергологиякафедрасының ассистентіИзмайлович Марина Рашидовна жеңімпаз атанды. Іс-шара аясында «Қыран» және «Ақжүніс»клубтарының отырысы болып өтті.  Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Әскери кафедрада білім алып жатқан лайықты деп табылған үш студент ақылы оқу бөлімінен  бюджеттік негізде оқу бөліміне ауыстырылды.

Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы іскерлік, мерекелік көңіл-күйде өтті.


0
8130

пікірлер

пікір қалдыру үшін.