Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ГЕПАТОЛОГТАРЫНЫҢ III КОНГРЕСІ. ГЕПАТОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ

ҚАЗАҚСТАН ГЕПАТОЛОГТАРЫНЫҢ III КОНГРЕСІ. ГЕПАТОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ

26 Желтоқсан 2016

2016  жылдың 16-17 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан гепатологтарының III конгресі өтті. Конгреске Италия, Испания, Корея, Ресей, Армения, Түркия, АҚШ, Венгрия, Ұлыбритания сияқты алыс және таяу шет елдерінің өкілдері қатысты. Конгресті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенованың атынан вице-министр Алексей Владимирович  Цой құттықтау сөздерімен ашты. Сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ бас гепатологы, Республикалық гепатология және гастроэнтерология  үйлестіру орталығының басшысы, бауырды зерттеу бойынша қазақ қауымдастығының вице-министрі, " International Hepato Transplant Group" президенті  Күлпаш Сағындыққызы Қалиасқарова қонақтарды құттықтады.

Конгресс бағдарламасы теориялық және клиникалық гепатологияның  созылмалы вирусты гепатиттердің, гепатоцеллюларлы карциноманың емі, трансплантология жетістіктері, бауыр трансплантациясынан кейін науқастарды жүргізу әдісі, бауырдың аутоиммунды аурулары, бауыр патологиясы және жүктілік сияқты өзекті мәселелерін қамтыды. Конференцияда ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова спикер ретінде «Жедел гепатит және жүктілік. Тәжірибедегі күрделі жағдайлар» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар әр түрлі саладағы мамандар – гастроэнтерологтар, инфекционисттер, терапевттер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, хирургтер, трансплантациялық хирургтер, педиатриялық хирургтер, онкологтар, эндоскописттер, сәулелі диагностика мамандары үшін қызықты болып табылатын пәнаралық кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Халықаралық конгрес жұмысына ҚММУ №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Елена Михайловна Ларюшинаның басшылығымен университетіміздің 4, 5 және 6 – курс студенттері Е.Н.Баяшов; О.М. Мыңбай, Ж.Б. Мухамеджанов, А.Е. Әлмурза, К.М. Саруаров, Ж.Т. Фазылова, В.С. Поротикова, С.Ш. Курманбаева,  М.Ш. Избасаров қатысты. 

Осындай деңгейдегі іс-шараға біз сияқты студенттердің қатысуы гепатология және ішкі медицина саласында білімімізді тереңдету мен кеңейтуге үлкен серпіліс берді. Біздің Марина Берингер (Валенсия, Испания), Кван Вонг Ли (Сеул, Корея), Сандро Венто (Италия), Гэвин Клоэрти (Чикаго, АҚШ), Эшли Браун (Лондон, Ұлыбритания), Мурат Кылык (Измир, Түркия) сияқты халықаралық сарапшылармен танысуға және оларға сұрақтар қоюға тамаша мүмкіндігіміз болды.

Жетекші республикалық және халықаралық мамандардың тәжірибесі жаңа буын дәрігерлері үшін кәсіби даму мен қалыптасу кезеңіне сенімді тірек болады. Спикерлер баяндаған заманауи жетістіктер қатысушылар үшін дәлелді медицинаны оқып үйрену және оны күнделікті тәжірибеге біріктіруде «бастама» болды. Конгресс соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

 Е.Н. Баяшов 6-069


0
7194

пікірлер

пікір қалдыру үшін.