Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тіл – Тәуелсіздік діңгегі

Тіл – Тәуелсіздік діңгегі

26 Желтоқсан 2016

2016 жылдың 20 желтоқсанында «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» атты декадасына орай иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі М.А. Газалиева және кафедра оқытушыларының басшылығымен, жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенттірінің қатысуымен  «Тіл – Тәуелсізідік діңгегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара Қарағанды қаласының Ермеков көшесі, 65 үйде орналасқан Әскери лазарет ғимаратының мәжіліс залында өткізілді

Бұл іс-шараның мақсаты – «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»- демекші, болашақ өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, өз туған тілін, дінін қастерлеуге үйрету.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл мереке 2 тілде өткізіліп, қазақ халқының қара өлең, би, күй өнерлері көрсетілді. Сахна төрі қазақтың ұлттық шаңырағымен безендіріліп, қазақи бұрыштағы әшекейлермен толықтырылды

Иммунология және аллергология кафедрасы.


0
6010

пікірлер

пікір қалдыру үшін.