Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ақжүніс» Н. Тестемицану ат-ғы медицина және фармация университетінде қонақта (Молдова)

«Ақжүніс» Н. Тестемицану ат-ғы медицина және фармация университетінде қонақта (Молдова)

23 Желтоқсан 2016

Қараша айының 28-ші жұлдызы күні академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында  Молдовада білім алып жатқан  «Ақжүніс» қыздар клубының президенті Жакенова Альбина және  ҚММУ 4-курс студенті Иргебаева Айжан Қарағанды Мемлекет Медицина Университетін таныстыру мақсатында Молдова Университетінде жиналыс өткізді.

  Жиналысқа Молдова Университетінің медицина және фармация факультетінің белсенділері, сонымен қатар, 4-курс деканы қатысты. Жиналыс барысынды Альбина мен Айжан біздің университет туралы біраз мағлұматтар беріп, Университеттің қоғамдық өмірі, студенттеріміздің жетістіктері жайлы, оқу жүйесі туралы біраз сөз қозғады.

«Ақжүніс» қыздар клубының президенті осы жиналыста біздің клуб жайлы әңгіме қозғап, клубтың қалай құрылғаны, жалпы клубтың мақсаты, міндеттері мен осы күнге дейін өткізген іс шаралары жайлы мағлұмат берді. Жиналысқа келген қонақтарымыз клубқа өз қызығушылықтарын танытып, көптеген сұрақтар қойды.

  Жиналыс соңына қарай, Жакенова Альбина 4-курс продеканы Вирджини Шалару ханымға және 5-курс студентіне  «Ақжүніс» қыздар клубының шарфы мен төсбелгісін сыйға тартты.

   

Оспанова Динара Тулеувна,

 жалпы медицина және стоматология

факультетінің декан орынбасары

Серікбай Айдана ЖМ 2-008 топ студенті


0
6632

пікірлер

пікір қалдыру үшін.