Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

1 2 3
БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ ҚАНДАЙ? ОЙЫН!
19 Қараша 2014
Интеллектуалды ойын барысында әйгілі «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасының ұраны Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын қорғаған «66.kz» командасының да ұранына айналды. Командамыздың құрамында 2-075 және 2-083 топ студенттері: Бирюкова Мария, Диннер Екатерина, Кузнецов Георгий, Слугин Александр, Спиридонова Алёна және Кусаинова Фатима бар. Команда екі жылдан бері, кейбір балалар – тіпті мектептен бастап ойнайды.
Никотинге тыйым.
19 Қараша 2014
Халықаралық темекі шегумен күрес күніне арналған айлық шеберінде 14 қарашада Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Жастар – темекі шегуге қарсы» тақырыбында пікірталас турнирі өткізілді.
Жатақханалардағы чемпионат.
19 Қараша 2014
2014 жылдың көктемінде ҚММУ спорт клубы барлығы сүйіп ойнайтын ойнайтын, университет студенттерінің басын біріктіре алатын футбол бойынша турнирді құруды шешті. Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шараларға шағын-футбол бойынша жатақханалар арасында жаңа жарыстар қосылды.
Денсаулық сақтау бойынша халықаралық студенттік конференция (ICHAS 2014)
19 Қараша 2014
Маған 24-25 қазанда Дублинде (Ирландия) өткен, Ирландиядағы (RCSI) Хиургия Корольдік колледжі базасында болған денсаулық сақтауға байланысты Халықаралық студенттік конференцияға(ICHAS 2014) қатысудың сирек мүмкіндігі түсті.
« Аспапты музыканың жауһарлары» музыкалық сағаты
18 Қараша 2014
2014 жылдың 25 қазан айында №7 жатақханада 1-080,1-073,1-019,1-017 топтарының топ жетекшілері К.Н.Жумакаева, З.Т. Абдуллина, А.Ж.Сыдыкова мен А.Е.Рахимбекованың ұйымдастыруымен «Аспапты музыканың жауһарлары» атты музыкалық сағат өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Ұлт көшбасшысы қорының республикалық сайысының шәкіртақысының тағайындалуымен құттықтаймыз!
18 Қараша 2014
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының шәкіртақысы студенттердің оқу,ғылыми және шығармашылық істегі қызметін көтермелеу мақсатында берілетін стипендия.
Халықаралық СТУДЕНТТЕР күнімен!
18 Қараша 2014
Студенттер күні мерекесі қарсаңында біздің университетімізде университет студенттерінің нышаны пайда болды. Ол «Түз суыры». Неге осы аң деген ой туындай ма? Біріншіден, суырлар қазақ даласының бірінші ізбасарлары, екіншіден бұл аң туралы халық арасында аңыздар көп тарауда. Ал енді 19-ғасыр ортасында қазір Қарағанды қаласы орналасқан жерде көмірдің ең алғашқы қазбасын қалай тапқанын ойланыңыздар.
Қош келдің, «Бірінші курс 2014»!
14 Қараша 2014
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Бірінші курс 2014» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Кешегі оқушылар, бүгінгі университет студенттері спорттың 7 түрі бойынша жарысты. Бірінші күні баскетбол, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ бойынша мықтылар анықталды. Ал волейбол, үстел теннисі және ату бойынша жеңімпаздар жарыстың соңына қарай анықталды.
Студенттік лига жұмысын бастады.
14 Қараша 2014
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде спорт мәселелеріне дәстүрлі түрде баса назар аударылады. Студент – медиктер студенттік жарыстардың аутсайдерлері болған тарихқа көз жүгірттік. Қазір ҚММУ-ғы спорт дамып келеді және қазір кез-келген турнирде біздің командаларға жеңімпаз ретінде қарайды.
Қазақстан Республикасының дзюдо бойынша ерлер арасындағы халықаралық чемпионат алдындағы жиын
14 Қараша 2014
Қараша айының 3-8 аралығында Қарағанды облысы, Қаражал қаласында Қазақстан Республикасының дзюдо бойынша ерлер арасындағы халықаралық чемпионат алдындағы оқу - тәжірибелік жиын өткізілді. Аталған жиынғапрофилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің медициналық - профилактикалық ісі мамандығының 2-ші курс студенті, дзюдодан спорт шеберіне үміткер, Қарағанды облысының құрама командасының мүшесі Ұзақбаев Нұржан қатысты.