Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Менің елім - Қазақстан»
09 Желтоқсан 2014
К.Станиславский атындағы драма театрында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2014 жылы 28 қарашада жастар арасындағы «Менің елім - Қазақстан» патриоттық байқауы өткізілді.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн
09 Желтоқсан 2014
2014 жылдың 27 қарашасындаэпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы ҚММУ №2 жатақханасында жастар арасында АИВ-инфекциясының алдын алу бойынша тренинг өткізді. АИВ-тың таралуы жүріс – тұрыспен байланысты болғандықтан, алдын алуда ең маңызды орын жастарды тәрбиелеу мен оқытуға берілуі тиіс. Осыған орай, жүргізілген тренингтің мақсаты студенттерді өздерінің қауіпін бағалауға, қауіпті жағдайлардан алыс болуға және өздері мен жақындарын жұқтырудан қорғауға үйрету болды.
Құттықтамыз!
09 Желтоқсан 2014
Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің деканаты 5-желтоқсанда Челябинск қаласында өткен «Гигиена және эпидемиология заманауи кезеңде» атты Ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияда І орын алғаны үшін Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5- курс студенті Кабдушева Айжанды құттықтайды.
«РУХАНИЯТ. ҚОҒАМ. МЕДИЦИНА. ӘЛЕУМЕТТІК ТОЙТАРЫСТАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
08 Желтоқсан 2014
2014 жылдың 3 - желтоқсанында «Руханият. Қоғам. Медицина. Әлеуметтік тойтарыстар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, профессор В.Б.Молотов-Лучанский ашты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
04 Желтоқсан 2014
Барлық Қазақстан халқы 1желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін- мақтанышпен атап өтеді.Аталмыш шараны өткізудің негізгі мақсаты - Тәуелсіздік жылдардағы еліміздің қазіргі және болашақта да тұрақты дамуының негізі болған Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының аясында республика азаматтарын топтастыру.
Ертегімен кездесу
04 Желтоқсан 2014
Ризашылық күні студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі ҚММУ театр өнері үйірмесімен бірге ойлау қабілеттерінде мүмкіншіліктері шектеулі балалар үйінде қызықты «Ертегімен кездесу» іс-шарасын өткізді.
«Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында» мемлекеттік тіл апталығы
04 Желтоқсан 2014
2014 жылдың 8-желтоқсанынан 12-желтоқсанына дейін ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында» мемлекеттік тіл апталығы өтеді. Аталған іс-шара аясында келесі байқаулар өткізіледі:
Дөңгелек үстел
04 Желтоқсан 2014
2014ж. 21-қарашасында ҚММУ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы ҚарМУ студенттерімен Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Санжар Жапарұлы Асфендияровтың 125-жылдығына арналған «С.Д. Асфендияров – дәрігер, оқымысты, саясатшы» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды
Жедел медициналық көмектің өзекті мәселелері
04 Желтоқсан 2014
Карағанды облысы жедел медициналық көмек көрсету станциясының 60 жыл мерейтойына байланысты 25-28-Қараша аралығында №1 жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету кафедрасы "Жедел медициналық көмектің өзекті мәселелері " тақырыбы жөнінде мастер-класс өткізді.
ҚММУ және Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің дөңгелек үстелдегі кездесулері
04 Желтоқсан 2014
Өз сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазіргі таңда адамзат көптеген ғаламдық мәселелерге тап болуда. Мен біздің еліміз бен аймағымыз үшін 10 негізгі мәселені қарастырамын.Өзімізді дамыту жолында әрі қарай жетістіктерге жетуді мақсат етсек, осы мәселелердің әрқайсысын ескеруіміз керек » - деп айтып өтті.