Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн

09 Желтоқсан 2014

2014 жылдың 27 қарашасындаэпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы ҚММУ №2 жатақханасында жастар арасында АИВ-инфекциясының алдын алу бойынша тренинг өткізді. АИВ-тың таралуы жүріс – тұрыспен байланысты болғандықтан, алдын алуда ең маңызды орын жастарды тәрбиелеу мен оқытуға берілуі тиіс. Осыған орай, жүргізілген тренингтің мақсаты студенттерді өздерінің қауіпін бағалауға, қауіпті жағдайлардан алыс болуға және өздері мен жақындарын жұқтырудан қорғауға үйрету болды.

Тренингке жатақханада тұратын Қоғамдық денсаулық сақтау, Медициналық – профилактикалық іс, Жалпы медицина, Фармация және Мейірбике ісі мамандықтарының 1 – 3 курстарының 43 студенті, сондай – ақ эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты. Аталған шараны Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 – курс студенті Кабдушева Айжан мен Фармация мамандығының 2 – курс студенті Айтпаева Эльнура жүргізді.

Тренинг барысында қатысушыларға АИВ-инфекцияның әлемдегі эпидемиялогиялық жағдайы, инфекция көздері, таралу жолдары мен факторлары, сонымен қатар жұқтырудың алдын алу шаралары туралы фильм көрсетілді. Одан кейін қатысушылармен ролдік ойындар ойнатылды, олар инъекциялық есірткелер қабылдайтындар арасында және жыныстық жолмен АИВ-тың қалай тез таралатынын көрсетті, негізгі берілу факторлары талқыланды және есірткелік заттарды қолдану кезіндегі топтық қысымға қарсы тұру бойынша тәжірибелік дағдылар меңгерілді.

Тренингтің соңында қорытынды жасалып, АИВ жұқтырудың алдын алу мақсатында қатысқандарға және жатақханада тұратын барлық қалаған студенттерге брошюралар, презервативтер, күнтізбелер мен блокноттар таратылды.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.к., доцент Ф.М. Шайзадина


0
18853

пікірлер

пікір қалдыру үшін.