Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

04 Желтоқсан 2014

  2014ж. 21-қарашасында ҚММУ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы ҚарМУ студенттерімен Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Санжар Жапарұлы Асфендияровтың 125-жылдығына арналған «С.Д. Асфендияров – дәрігер, оқымысты, саясатшы»  тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды.

  Дөңгелек үстелдің мақсаты – отандық ғылым және медицина профессоры, тарихшы, дәрігер, ағартушы, мемлекеттік қызметкер, әртүрлі салада дипломы бар маман С.Д. Асфендияровтың қызметін жолын танып білу. Оны мысалға ала отырып жастардың патриотизмдік сезімдерін және қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.

  Дөңгелек үстел барысында тарих факультетінің студенттері Қазақстан тарихына С.Д. Асфендияровтың қосқан үлесі туралы баяндаманы оқыды, ал ҚММУ студенттері  С.Д.Асфендияровтың медицинаға айтарлықтай қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

Іс-шара соңында тарих ғылымдарының кандидаты доцент Н.А. Бейсембекова дөңгелек үстелді өткізуге белсене ат салысқан студенттерге ұйымдасытрушы атынан мақтау қағаздарын табыс етті. Грамоталарды ЖМ факультетінің 1 курс студенттері: Апсел Анара, Есенбай Әсем, Илиясова Толқын, Сайдуллаева Ақмарал, Сияр Оңғарсын және Ибадуллаева Мейрамкүл алды.

Екі жоо студенттері бірлесіп үйренуді дәстүрге айналдыруды, ақпараттармен алмасу және осындай акция шеңберінде әңімелесуді жалғастыруға келісті.

Іс-шара ұйымдастырушысы Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының меңгерушісі Қ.А. Темірғалиев және кафедраның аға оқытушысы К.Ж. Абдрахманова сөз сөйледі.

Әсем Есенбай

1-012 ЖМ студенті

0
18583

пікірлер

пікір қалдыру үшін.