Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

04 Желтоқсан 2014

Барлық Қазақстан халқы 1желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін-  мақтанышпен атап өтеді.Аталмыш шараны өткізудің негізгі мақсаты - Тәуелсіздік жылдардағы еліміздің қазіргі және болашақта да тұрақты дамуының негізі болған Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының аясында республика азаматтарын топтастыру.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері арасында 2014 жылдың 28 - қарашасында азаматтық, патриоттық  тәрбиелеу және қалыптастыру мақсатында «Тұңғыш Президент күніне арналған» мерекелік іс - шара өтті.

Мерекелік іс - шараға Жалпы медицина мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің 1-ші және  2-ші курс студенттерімен қоса, ҚарМТУ-дан келген қонақтар да қатысты. Іс - шара тек студенттердің баяндамаларынан  ғана емес, сондай - ақ Қазақстанның тарихи  қалыптасуы мен дамуына қысқаша шолу жасады.

Іс - шара ұйымдастырушыларымен ҚР Тұңғыш Президентінің жеке өмірі, мемлекетіміздің дамуына баға жетпес қазына енгізгені жайында бейнематериал әзірленді. Төрегелді Бексултан ЖМ 1045 тобының студенті Н.Ә.Назарбаевтың алдына қойған мақсаттары мен жетістіктері жайында презентация дайындады. Президент Н.Ә. Назарбаевтың атаулы күндері мен жетістіктері жайында викториналық сұрақтар қойылып, көрермендер арасында ойын жүргізілді. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

  Студент жастар Президентіміздің саясатын қолдайтындығы байқалды, мемлекетіміздің экономикалық саяси  тұрақтылығы мен дамуына, азаматтық патриотизмге, жақсылық пен татулыққа күш салады.


0
18665

пікірлер

пікір қалдыру үшін.