Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ және Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің дөңгелек үстелдегі кездесулері

ҚММУ және Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің дөңгелек үстелдегі кездесулері

04 Желтоқсан 2014

Өз сөзінде Елбасы  Н.Ә. Назарбаев: «Қазіргі таңда адамзат көптеген ғаламдық мәселелерге тап болуда. Мен біздің еліміз бен  аймағымыз үшін 10 негізгі мәселені қарастырамын.Өзімізді дамыту жолында әрі қарай жетістіктерге жетуді мақсат етсек,  осы мәселелердің әрқайсысын ескеруіміз керек » - деп айтып өтті.

1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күні қарсаңына орай  2014 жылы  28-қарашада «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында «XXI  ғасырдағы 10 ғаламдық мәселе жағдайындағы Қазақстан-2050» тақырыбында  ҚММУ және  Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері арасындағы дөңгелек үстелдегі кездесулері өтті.

Дөңгелек үстелге  қатысқандар: ҚММУ-і Жалпы медицина мамандығының 1,2,3-курс студенттері , Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ- нің Халықаралық экономика мамандығының 1,2,3-курс студенттері, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі К.А.Темиргалиев, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Д.Е.Джакупова, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Б.Б.Рысбекова, Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ «Экономика және Халықаралық бизнес » кафедрасының аға оқытушысы С.Р.Надирова.

Өткізілген шара қонақтары: Жалпы медицина және стоматология факультетi деканының орынбасары М.К.Елубаева, Жалпы медицина және стоматология мамандығының 4-курс деканынының  орынбасары А.С.Байменова, қоғам мен жастар арасындағы байланыс ұйымының  маманы  И.И.Милаева, орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы А.С.Тусупбеков.

Дөңгелек үстелді  «Елбасының Қазақстан халқына жолдауы еліміздің  бағыт бағдарын анықтайтын стратегиялық құжат болып табылады. Осы мәселені талқылауда студенттеріміздің белсенділік танытуы өте маңызды. Өйткені оларға қоғамның замануи даму жолында инновациялық және интеллектуалдық өнім жасап шығара алатын белсенді,алдыңғы қатарлы тобы ретінде үміт артуда » деген  кіріспе сөзімен  Жалпы медицина және стоматология  факультетының деканынының орынбасары Елубаева Марал Куандыккызы бастады. Шараға қатысушылар Қазақстан Президентінің жолдауындағы транспорттық логистикалық,индустриялық ,энергетикалық  қоғамдық инфрақұрылымдардың дамуындағы  қиындықтар жөніндегі негізгі мәселелерге байланысты кең ауқымды сұрақтар бойынша талқылау жүргізді.

Шара соңына қарай жауап сөз ретінде Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ «Экономика және Халықаралық бизнес » кафедрасының аға оқытушысы С.Р.Надирова ризашылығын білдіріп ,  әрі қарай нәтижелі қарым қатынастар жалғаса беруін тіледі.

Философия ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Темиргалиев Құдайберген Абайұлы,  қоғам мен жастар арасындағы байланыс ұйымының  маманы  И.И.Милаева, орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы А.С.Тусупбеков шара  соңында қорытынды сөздерін айтып, тілектерін білдірді.

Барлық дөңгелек үстел қатысушыларына сертификат табысталды.

  Д.Е. Джакупова.

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы


0
19049

пікірлер

пікір қалдыру үшін.