Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің мемлекеттің бейбіт саясаты

Біздің мемлекеттің бейбіт саясаты

28 Қараша 2014

18.11.2014ж. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің медицина колледжінің жатақханасында Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша комиссиясы және ҚММУ медицина колледжінің директор орынбасары А.А. Унгарбаев студенттермен кездесуді ұйымдастырды және өткізді. Берілген іс-шараға Қарағанды облысының Дін істері жөніндегі басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы» КММ-нің ақпараттық-насихаттау бөлімінің қызметкері Е.Р. Бедеров шақырылды.

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша комиссиясының төрағасы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Т.В. Мустафина өзінің кіріспе сөзінде діннің рөлі, заманауи әлемде жалған-діни ағымдардың таралу сұрақтарын қозғады. Ол өз сөзінде студенттерге профилактикалық кездесулердің және экстремизм және терроризм сұрақтары бойынша іс-шаралардың мақсаттары және міндеттері туралы айтты.

Е.Р. Бедеров өз сөзін аудиторияға  Қазақстандағы діни жағдай туралы, діни білім туралы сұрақтардан бастады. Студенттерге исламның тіректері жайлы негізгі түсініктер, заманауи салафиттік-ваххабисттік ағымдардың «джихад» ұғымының теріс түсінігі туралы жеткізілді.

Өз сөзінде ректор көмекшісі А.Ө. Саухымов студенттерге арналған кездесудің мақсаты жастарды радикалды діни топтардың ықпалынан оқшалау болып табылатындығын айтты. Сонымен қатар ол дәстүрлі діндер адамдарды татулыққа және үйлесімге шақыратындығын айтты. Ал Қазақстан халықына жат нео-діни ағымдардың мақсаты біздің мемлекеттің бейбіт саясатын қирату, мемлекеттіміздің мұсылмандары, халықы мен этностары арасында араздық себу болып табылады. 

Кездесу барысында студенттер отандастырымыздың шайқасты жерлерде жүрулерінің себептер туралы сұрақтар қойды, қайтып келген азаматтар бар ма екендігі және ұқсас экстремистік және террористік түрлі әрекеттерге қолданылатын жауапкершілік және жазалар өлшемдері  қызықтырды. Қарағанды облысының Дін істері жөніндегі басқармасының өкілі Е.Р.Бедеров және ректор көмекшісі А.Ө. Саухымов берілген сұрақтарға толық жауап берді.

Кездесу аяқталғаннан кейін студенттер берілген іс-шараның ұйымдастырушыларына мазмұнды және танымдық ақпарат үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар студенттік ортада діни экстремизм сұрақтарын талдаудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі кеңесінің

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша комиссиясы


0
18476

пікірлер

пікір қалдыру үшін.