Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бүкіләлемдік қант диабетімен қүрес күні

Бүкіләлемдік қант диабетімен қүрес күні

27 Қараша 2014

1891 жылғы 14-қарашада туған, Фредрика Бантинга инсулинді ашқан – оның құрметіне бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күні 14 қараша болып белгіленді. 2007 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының эгида бойынша атап өтеді.

Қант диабеті ауруы (Атерсклероз, қатерлі ісік және қант диабеті) халықты  өлімге және мүгедектікке әкеп соқтыратын алғашқы үштікке енеді.

ДДҰ-ның ақпараты бойынша қант диабеті өлім санын 2-3 есеге арттырады және өмір сүру ұзақтығын азайтады.

Қант диабетінің таралуы ауқымды және өзекті мәселе болып табылады. Осы уақытқа дейін әлем бойынша 200 млн. астам жағдай тіркеледі, шындығында ауыратындар саны шамамен алғанда 2 есе жоғары. Жыл сайын бұл ауру түрі барлық мемлекеттерде 5-7% өсіп келеді, ал әр 12-15 жыл сайын екі еселенеді. Демек, ауырғандар санының мұншалықты өсуі жұқпалы емес эпидемия сипатына ие болды.

Бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күннің негізгі  мақсаты диабетпен ауырғандардың санының артып келе жатқандығынан халықты хабардар етіп қана қоймай, сонымен қатар көп жағдайларда ауру өршуінің алдын алу мүмкіндігі қарастырылады.

2014 жылы 14-қараша бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күнде Пришахтинск, Майқұдық, Ержанов және Мұқанов көшелерінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 10.00-ден 12.00-дейін және 15.00-ден 17.00-ге дейін ӘОД-де облыстық СӨС орталығымен бірігіп Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің (4-курс Мейірбике ісі және Резиденттер) студенттері ауқымды шара өткізді. Салмақ өлшеу индексі, артериалдық қысымды өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау, эндокринолог кеңесі және ақпараттық материалдарды таратылды. 300 адамға кеңес берілді. Қант диабеті бойынша аялдамаларда, ХҚКО-да, ұйымдарда, сауда орталықтары «ОӘД», «Абсолют Қазақстан», «Дәулет», бизнес-орталықтарында  5000 дана ақпараттық-білім беру парақтары таратылды. Шарада аймақтық БАҚ: «5 арна» ТА, «Авитрек регион» газеті қатысты. Мақсаты: Қарағанды қаласының халықы арасында қант диабеті сұрақтары бойынша хабарландыру және ақпарат арқылы қоғамның назарын аудару.


0
18633

пікірлер

пікір қалдыру үшін.