Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көрнекті дәрігер!

Көрнекті дәрігер!

27 Қараша 2014

2014 жылдың 22-қарашасында ҚММУ акт залында үздіксіз кәсіби дамыту факультеті №1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Қани Жұмкенұлы Мұсылманбековтың 80-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиында ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқарма департаментінің бастығы А.Р. Сатыбаева, профессор К.А. Абисатов (Алматы қ.), Қарағанды облысының ДБ бастығының орынбасары Г.К.Мамалинова, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор Б.Н.Көшерова, ҚММУ профессоры С.В.Лохвицкий, Т.А.Алиақбаров, М.М.Түсіпбекова, К.А.Әлиханова, А.М.Бөкенов, ҮКДФ деканы Л.Х.Асенова, Қарағанды облысы прокуратурасының өкілі Д.Булатаев, медициналық ұйым директоры М.Е.Абеуов – Қарағанды қ. облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Н.Ш.Бидайбаев – облыстық туберкулезға қарсы диспансердің бас дәрігері, М.Д.Жұмақаев – облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері, И.М.Ахмадишин – соғыс ардагеріне медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері, Қарағанды медициналық училищесінің директоры А.Н.Нұрбеков, Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасының директоры С.А.Құлмағамбетов, сондай-ақ профессор К.Ж.Мұсылманбековтың шәкірттері құттықтау сөздерін айтты. Бұл күні мерейтой иесіне арналған көптеген жылы лебіздер айтылды.

К.Ж.Мұсылманбеков ұзақ, құметке ие үлкен өмірлік жолдан өтті. Оның әр өмірлік кезеңі біздің университетіміздің тарихымен үздіксіз байланысты. Университетіміздің игілігі үшін көп жылғы ғылыми және педагогикалық қызметі аса құрметке ие. Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор және клиникалық кеңес төрағасы лауызымындағы, ғылыми әлем мен практикалық денсаулық сақтау үшін жас мамандарды дайындау ісінде атқарған жемісті жұмысы, онкология теориясы мен практикасы бойынша көптеген ғылыми еңбектері – міне осы өткерілген белестер Қани Жұмкенұлының ҚММУ-да қызмет етуіне бастау болды.

Қани Жұмкенұлының осы сапасы тәжірибелі және беделді басшы ретінде танытты. К.Ж.Мұсылманбеков күрделі істерден тартынбай, әрдайым батылдықпен іске кірісуге дайындығымен, белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленеді. Жұмысқа шығармашылықпен қарау мен өзіндік қағидаттарына және сеніміне адалдық бір арнада тоғысқан.

Терең жан-жақты білім, үлкен энергия, жоғары кәсібилік иесі Қани Жұмкенұлы әлі де болса өз күш-жігерін, көп қырлы дарынын университетімізге қызмет етуге сарп етуде.

Бұл ерекше айтулы күні шын жүректен Сізге денсаулық, бақыт және отбасыңызда құт-береке, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр тілейміз!


0
20557

пікірлер

пікір қалдыру үшін.