Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көркемөнер галереясы.

Көркемөнер галереясы.

03 Желтоқсан 2014

25-қарашада университет қабырғасында  үлкен жетістікпен «Көркемөнер галереясы» көрмесі болып өтті. Іс-шараны ҚММУ бейнелеу өнері студиясымен бірге студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің маманы Машрапова Аққу Сейфуллақызының ұйымдастыруымен болып өтті. Көрмеге бейнелеу өнері үйірмесіне қатысатын студенттердің жасаған жұмыстары қойылды. Іс-шараның ашылуына дейін, үшінші қабаттың холлында – ғажайыпты бағалаушы келушілердің көптігінен «ине шаншар жер болмады».

  Салтанатты түрде қызыл лентаны қию құқығы Профилактикалық медицина, биология, және фармация және Жалпы медицина және стоматология факультеттерінің декандары: Приз Владимир Николаевичқа және Төлеубеков Қуатбек Қуанышбекұлына ұсынылды.

  Ашылу салтанатынан кейін қызығушы көрермендерге жас суретшілердің жұмыстары ұсынылды. Экспозицияда акварель нобайлар мен графикалық эскизден бастап, интерьердегі натюрморттар мен атақтылардың портреттеріне дейін әртүрлі жанрдағы және стильдегі жүзден аса жұмыстар қойылды. Классикалық музыка жанға жайлылық бере отырып, салтанатты жағдайға ғажайып әсер берді. Галереяда көркем сурет шығармаларынан бөлек композициялық жұмыстар: коллаждар, аппликациялар, сонымен қатар әртүрлі қолдан жасалған бұйымдар қойылды.

    Білікті әділ-қазылар құрамында: оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Молотов - Лучанский Вилен Борисович, профилактикалық медицина, биология, және фармация факультетінің деканы Приз Владимир Николаевич, профилактикалық медицина, биология, және фармация факультетінің декан орынбасары Камарова Айсұлу Мақашқызы, медицина колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Унгарбаева Айгүл Аманжолқызы және жалпы медицина және стоматология факльтетінің деканы Төлеубеков Қуатбек Қуанышбекұлы барлық жұмыстарды әділ бағалады.

  Қорытындылай келе жүлделі номинациялар келесідей үлестірілді:

1.  «Үздік кәсіби жұмыс» - Утамұратов Марат.

2.  «Үздік шығармашылық жұмыс» - Қонарбаева Бағжан.

3.  «Үздік сонылық жұмыс» - Костичан Евгенияға.

4.  «Менің сүйікті қалам» - Елтаева Алуаш.

Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі Көркемөнер көрмені өткізуге және ұйымдастыру жұмыстарына ат салысқаны үшін бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Елтаева Алуаш Құрманғалиқызына (4-072 ЖМ), сонымен қатар бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушыларына: Сайрамбек Сандуғаш (4-034 ЖМ), Утамұратов Маратқа (5-035ЖМ), Қонарбаева Бағжанға (1-051ЖМ), Жамаухан Алтынай (1-074 ЖМ), Тұрганбекова Балботаға (3-074ЖМ), Искакова Асияға (2-069ЖМ), Мұсабаев Ерсайынға (3-012ЖМ), Мырзахметов Айгүлге (1-082 ЖМ), Файзуллаева Дилераға (1-063ЖМ), Исказин Айбатырға (2-095ЖМ), Нұркайдарова Гүлденге (1-039ЖМ), Токашев Аянға (1-020ЖМ), Сағындыков Олжасқа (1-026ЖМ), Умарова Айжаннаға (1-039 ЖМ), Балкенова Самалға (2-067ЖМ), Кенесов Темірланға (1-085ЖМ), Құсаинов Санжарға (2-042ЖМ), Сапар Мөлдірге (2-042ЖМ), Басагаринов Ерсайынға (1-075ЖМ), Тұрсынбеков Төребекке (1-063ЖМ);Костичан Евгенияға (302КЛД), Шимшиловой Рузаннаға (106КОМ), Васильева Лидияға (104 КОМ), Дадобоева Мехрафрузаға (202КСД), Сухоруков Станиславқа (302КСО), Бабенко Вероникаға (302КСО) және Комиссарова Вераға (202КСД) алғысын білдіреді.

Игорь Фисенко (2- 074 ЖМ)

Бағжан Қонарбаева (1-051ЖМ)


0
19689

пікірлер

пікір қалдыру үшін.