Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«2-nd International Medical Training Program-2014» машықтануы (Оңтүстік Корея)

«2-nd International Medical Training Program-2014» машықтануы (Оңтүстік Корея)

02 Желтоқсан 2014

2014 жылдың 16 қыркүйектен 25 қазанға дейін (6 апта) Оңтүстік Корея елді мекеніне барып қайттым, онда 2-ші халықаралық медициналық тренинг-бағдарлама-2014 өтті. Корея денсаулық сақтау министрлігінің Кореялық денсаулық сақтау институтында әр-түрлі елді мекендерден келген дәрігер-мамандар арасында ұсынылған бағдарлама бойынша грантқа конкурс жүргізілді. Конкурстың барлық кезеңдерін сәтті өтуіме орай, мен осы бағдарламаға шақыру алдым және соған қатысты барлық шығындарын өтеуіне  грант берілді.

Бұл бағдарламаға 7 елді мекеннен (Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Марокко, Непал, Қытай) 26 дәрігерлер қатысты.  Барлық  сынақтар ағылшын тілінде өткізілді.

Бірінші аптасы Сеул қаласында өткізілді. Бұл аптада денсаулық сақтау менеджменті туралы, қазіргі кореялық медицина технологиялары жайлы, Кореяның медициналық қызметінің  ағымдық жағдайлары жайлы баяндалды. Бұл тақырыптар бойынша Кореяның білікті профессорлары дәрістер оқыды, медициналық жабдықтар көріністеріне қатыстық. Түсінгеніміз бар, Корея мемлекеті  өздерінің денсаулық сақтау болашағын сақтандыру медицинасыз елестете алмайды (сондай-ақ Кореяда медициналық қызметтер Қазақстанмен жане Еуропаның басқа да елді мекендерімен салыстырғанда қымбаттырақ); болашақтарын технологиялық  өрлеусіз, қазіргі және өрлеулі медицина жабдықтарсыз елестете алмайды (оның молшылығы Корея елді мекенінде кейде жай ғана қызықтырмай, қатты таң қалдырды); медицина саласында құнды нарық қызметтерін өзіндік менеджментімен, маркетингімен, жарнамасымен, сау бәсекелестігімен, стандарт кезеңінен  VIP  сервис мүмкіндігін алуын қарастырады; әрине басты мәселеде сөзсіз науқас болып табылады (олардың сұраныстары, жайлылықтары және қанағаттанарлықтары). 

Корея денсаулық сақтау институты бастапқы апталарында біздер үшін Сеул қаласында  әртүрлі экскурсия ұйымдастырды; Кореяның тарихын және мәдениетін, ерекше кореялық ас үйін таныстырды;  арнайы ұйымдастырылған сабақтарында бізге кәріс тілдерін, сөздерін және сөйлемдерін үйретті, алдымыздағы Кореядағы 5 аптасында  қолданысқа комегі тиді.

«Сеулдік» дәрістерден кейін менің клиникалық машықтануым басталды. Ол Тэджон қаласындағы Коньянг университетінің госпиталінің жалпы хирургия бөлімінде өтті. Бұл тұтас медициналық «қала», өзінің  ауқымдылығымен, жабдықтарымен, сервистерімен қатты таң қалдырды, тіпті медициналық қызметкерлер үшін, науқастар үшін, олардың туыстары үшін ұсақ-түйегін жайлы қылып ұйымдастырған. Сондай-ақ бұл  госпиталь жеке меншік болып табылады, өте тиімді және жемісті симбиозымен және  университет  қызметкерлерлерімен, клиникалық медицинасымен және бизнесімен  қатты тан қалдырды.  Госпиталь «Тэджон қаласындағы үздік медициналық жүйе» болып JCI аккредитталған.

Хирургия бөлімшесінде  жеткілікті спектрлі деңгейде көк ет қуысына және жұмсақ етіне  жасалған күрделі операциясына куәгер болдым. Эндовидеохирургиялы және ашық операция ара қатынасы шамасымен 60/40. Жиі жасалатын операциялар – онкологиялық болып табылады, Казақстанмен салыстырғанда Корея елді мекенінде онкологиялық сырқаттары өте жоғары (осындай онкологиялық операциялары тек мамандырылған диспансерлерінде және орталықтарында жасалады) осыған ұқсас операциялары жалпы хирургия бөлімшесі бар әрбір кәріс клиникаларында жасалады. Өте жиі күнделікті жасалатын операциялар, олар: холецистэктомия, жара кезіндегі операция, тоқ шек ісігі, бауыр ісігі, асқазан ісігі. Сынақ мерзімінде үлкен операцияларды көріп қана ғоймай, бірнеше рет ассистент ретінде қатыстым. Барлық операциялық бөлімдер жаңа құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ сынақ мерзімінде бүйрек алмастыруында қатыса алдым.

Госпитальда не таң қалдырды? Таң қалдырғаны шындығын айтсақ «әрбір қадамда»  компьютерлік техникамен  жабдықталғаны және қағаз құжаттамасының жоқтығы (барлық құжаттамалар – ауру тарихы, тексерілген құжаттар, көшірмелер, қорытындылар, госпитальдiң жұмыс жоспары – тек электрондық нұсқада жасалады, қағаз жүзіне көшіріліп шығарылмайды).  Сондай-ақ қызықтыратын бір мәселе, хирургиялық бөлімшеге науқастарды туыстары ертіп әкеліп өздері күтім жасайды екен. Егер осындай мүмкіндіктері болмай жатса, онда күтім жасайтын адамдарды (медбикелер және тазалық сақтайтын қызметкерлер жалпы күтімі мүлдем көрсетілмейді, бұл олардың міндеттеріне кірмейді) жалдайды. Жұмыс тәртіптерінде таң қалдырған, басталуы таңертеңгілік 7:20 аяқталуы 18:00. Жане де құралдары...... Кибер-пышағы, бауыр ісігін әрбір локализациясын емдей алады. ПЭТ-КТ жүйесі болса, адамның дене мүшесінің басынан аяғына дейін басып шығаруына мүмкіндігі бар, әртүрлі ісік ауруының көлемін бірнеше милиметріне дейін айқындайды. Және көп-көп нарселерді.......

Сондай-ақ машықтану кезінде Госпиталь маған Пусан қаласындағы өткізілген 2 күндік халықаралық  Кореялық кауымдастығындағы гепатобилиарлы хирургия атты симпозиум-конференциясына қатыстым (Тынық мұхитында орналасқан таң қаларлық қала).

25 қазанда Осонг қаласында өткізілген Кореялық денсаулық сақтау университеті бағдарламасының жабылу рәсімінде маған сөз берілді, мен жалпы біздің Қазақстан мемлекеті жайлы, Қарағанды қаласы жайлы, туған Қарағанды мемлекеттік медицина университетім туралы таныстырылым ұсындым және алғыс сөз білдірдім.

Кореялық денсаулық сақтау университетіне, Коньянг университетінің госпиталіне және ҚММУ әкімшілігіне ректоры Р. С. Досмагамбетова ханымға машықтану мүмкіндігі берілгені үшін үлкен алғыс білдіретiнiмдi жеткiзгiм келеді.

№2 хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті және докторанты

Матюшко Дмитрий Николаевич



0
19713

пікірлер

пікір қалдыру үшін.