Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру. Тайвань ұлттық университеті, медицина мектебі, Тайвань 2014 ж. 15-қыркүйек – 24-қазан

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру. Тайвань ұлттық университеті, медицина мектебі, Тайвань 2014 ж. 15-қыркүйек – 24-қазан

28 Қараша 2014

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті интернатура факультетінің «Ішкі аурулар» дайындау бағыты бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 7-062 топ студенті C.C.Косдаулетова, Тайвань ұлттық университетінің медицина мектебінде  отбасылык медициналық көмек (Family medicine) және радиология (Radiology) бойынша элективті курстан өтті.

"Webometrics Ranking of World Universities" (www.webometrics.info/top100) зерттеу зертханасының мәліметі бойынша " Тайвань ұлттық университеті" Азияның үздік университеттерінің ішінде 2-ші  орын алады. ТҰУ әлемнің  100 үздік университет тізбегіне кіреді және онда 55-орын алады.

Курстардың ұзақтығы: отбасылық медицина (Family medicine) - 3 апта; радиология (Radiology) – 3 апта.

Отбасылық  медицина курсы стационарда, хосписте және поликлиникада өтті. Мұнда таңертеңгі мәжілістер (тақырыптық пікірталас, қызықты клиникалық жағдайлар карастырылды, фармацевттермен кездесу) 2-3  фармацевт күнделікті таңертеңгі мәжілістерге қатысып, дәрі-дәрмектерді тиімді қолдану мәселесін талқылады, отбасы дәрігерінің  қызметіндегі соңғы жаңалықтар қарастырылды, гериатрикалық көмек туралы конференциялар, паллиативтік және хоспистік көмекке арналған тақырыптық конференциялар болды.

Радиология курсы да тәжірибелік және теориялық дағдылармен алмасып отырды (аптасына 10 дәрісханалық және тәжірибелік сабақтар). Студенттер, ең алдымен,жаңа диагностикалық құрал-жабдықтар пайдаланылатын радиология бөлімшесі жоғары дәрежеде жабдықталғандығын атап көрсетті.

Әр сабақта студенттер шолу рентгенограммасында, компьютерлік томографта (КТ), магниттік-резонансты томографияда (МРТ) және УДЗ-да нормада және патологиядағы органдар мен жүйелердің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктерін талқыланды. Курста барлық радиологиялық зерттеу әдістерінің негізгі мәселелері, ерекшеліктері мен бала жасындағы радиологиялық ерекшеліктер көтерілді..

Ауруханадағы ахуал өте жағымды, дәрігерлер мен студенттердің арасында сенім мен өзара түсіністік орнаған. Барлық студенттер мен дәрігерлер ағылшын тілін жоғарғы деңгейде меңгерген.

Бұл дәрігердің күнделікті өміріне қажетті кәсіби және коммуникативтік дағдыларды жақсартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ одан әрі өзін-өзі жетілдіруге түрткі болды.

Сания Косдаулетова, ЖМ 7-062 топ интерні


0
19058

пікірлер

пікір қалдыру үшін.