Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздік бірінші курс студенті – 2014

Үздік бірінші курс студенті – 2014

03 Желтоқсан 2014

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қарағанды мемлекеттік медицина униерситетінде «Бірінші курс зияткері - 2014» сайысы өткізілді. Сайыстың ұйымдастырушылары  студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшылығымен  «Конферансье» көркем өнерпаздар ұйымының мүшелері.

  Сайысқа қатысқандар: Айман Бидайшиева (1-061 ЖМ), Бектур Узен уулу (1-069 ЖМ), Нұртолқын Төлеген (1-012 ЖМ), Ақбота Бақыт (1-012 ЖМ),  Валерия Алексеева (1-002 ТФП), Жандос Сатыбаев (1-002 МПІ). Сайыскерлер  Қазақстан тарихынан, Қазақстан Республикасы Президентінің өмірбаянынан өз білімдерін, ойлау қабілеттіліктерін, зеректілігін, сонымен қатар мемлекеттік және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтіндігін көрсетті.

Сайыстың жүргізушілері - Азами Расулова (3-083 ЖМ), Айдын Тельманов (1-011 ЖМ), Айганым Алимбекова (3-091 ЖМ) болды. Сайысты ұйымдастыруға Кабдушева Айжан (5-005 ҚДС), Югай Анастасия (2-077 ЖМ), Калимулинна Эльза (1-072 ЖМ) белсене қатысты.

Сайыстың әділ-қазылары  Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары:  И.И. Милаева, А.А. Баймамыров және Т.В. Мустафина болды. Сайыс  «Визитка», «Сұрақ-жауап», «Story» (баяндамаларды қорғау), «Интеллектуалды тур» атты 4 кезеңнен тұрды.

Сайыс қорытындысы бойынша, 1-орынға Бектур Узен уулу (1-069 ЖМ) ие болды. 2-орынға Валерия Алексеева (1-002 ТФП) тұрақтаса, 3-орынды Айман Бидайшиева (1-061 ЖМ) иеленді. 

Барлық қатысушылар және сайыста  жеңімпаз атанғандар мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Сайысқа қатысушыларға зор денсаулық, оқуда табыс және жеңіс тілейміз.

Алимбекова Айғаным

1-079 ЖМ тобының студенті


0
18981

пікірлер

пікір қалдыру үшін.