Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жоғары оқу орындарының арасындағы көптілділік олимпиадасының нәтижесі

Жоғары оқу орындарының арасындағы көптілділік олимпиадасының нәтижесі

27 Қараша 2014

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті шет тілдер кафедрасының ұйымдастырумен 2014 жылдың 20-қарашасында жоғары оқу орындарының арасында көптілділік олимпиадасы өтті. Қарағанды қаласының 6 жоғары оқу орнынан (әрбір жоғары оқу орнынан 5 қатысушы) тілдік емес факультеттердің  үш тілді меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын)1-2 курс студенттері қатысты.

Көптілділік олимпиада 4 кезеңнен тұрды:

I кезең (топтық) үш тілде берілген сұрақтардан құрылған, танымдылық ойын түрінде өтті.

II кезең (жеке, мемлекеттік тілді білу) тарих, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жазбаша жауап қайтару түрінде өтті

III кезең (жеке, орыс тілін білу) қатысушылар жасырылған сөзжұмбақ, ребустарға  жазбаша жауап қайтару тиіс еді

IV кезең (жеке, ағылшын тілін білу) - 1 минут ішінде белгілі бір тақырыпқа монолог.

Әрбір кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Сондай-ақ Олимпиада барысында көп ұпай жиынаған жеңімпаз атанады.

Университетаралық көптілділік олимпиадасының нәтижесі:

1 кезең Multilingual (топтық)

1 орын – Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің тобы (240 ұпай)

2 орын –ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тобы (160 ұпай)

3 орын- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің тобы (150 ұпай)

4 орын- Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тобы (140 ұпай)

5 орын- Е.Б. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тобы (120 ұпай)

6 орын- Қарағанды «Болашақ» университетінің тобы (50 ұпай)

2 кезең  Қазақ тілінің білгірі (жеке)

Ынтықбаев Ануар (ҚБУ)

3 кезең   Орыс тілінің білгірі (жеке)

Абикенов Тамерлан (ҚарМУ)

4 кезең  The best English language speaker (жеке)

Зеленый Андрей (ҚММУ)

Барлық ойын  қорытындысы бойынша(жеке)

1-орын - Ким Евгения (ҚарМУ)

2-орын - Аминова Әсем (ҚММУ)

3-орын - Кусаинова Жанара (ҚарМТУ)

Барлық жеңімпаздар грамота, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. ҚММУ тобы жалпы ұпай саны бойынша бірінші болуы және «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенті Зеленый Андрей «The best English language speaker» номинациясының жеңімпазы атануы көңілге қонымды болды, ал Аминова Әсем жалпы ұпай жиынтығы бойынша 2-ші орынды иеленді. Балаларға онан әрі шығармашылық табыс тілеп, жеңістерімен құттықтаймыз!


0
19139

пікірлер

пікір қалдыру үшін.