Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Пәнаралық студенттер конференциясы «Қазақстан - көптілді мемлекет»
11 Наурыз 2016
Наурыз айының 4-ші жұлдызында қазақ, орыс және шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан - көптілді мемлекет» атты пәнаралық студенттер конференциясы өтті.
Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерей тойына орай...
11 Наурыз 2016
25.02.2016 жылы Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы меңгерушісі Қ.А.Темірғалиевтің бастамасымен Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті.
ҚММУ студенттер командасының академик М. И. Перельман атындагы хирургия бойынша Бүкілресейлік студенттік олимпиадаға қатысудағы алғашқы тәжірибесі.
11 Наурыз 2016
2016 жылдың 17-18 ақпаны аралығында Екатеринбург қаласы (Ресей) Орал мемлекеттік медицина академиясының негізінде Орал федералдық округінде хирургия бойынша Бүкілресейлік Мәскеу студенттік олимпиадасының 1 кезеңі өтті, бұған №2 Хиругиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасының менгерушісі Е. М. Тургунов басшылығымен дайындалған ҚММУ студенттер командасы қатысты.
Студенттердің еңбек ардагерімен кездесуі
03 Наурыз 2016
Наурыз мерекелерінің қарсаңында ҚММУ ардагерлер кеңесі мен жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бірлесе № 7 жатақханада тұратын 1-2 курс студенттерінің еңбек ардагері, физиология кафедрасының профессоры Поспелов Николай Ильичпен кездесуін өткізді. Н.И. Поспелов еңбек жылдарын біздің университеттің физиология кафедрасына арнады.
«Әлеуметтік саладағы инновациялық амалдар»
01 Наурыз 2016
26 ақпанда академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-де университеттер арасындағы «Әлеуметтік саладағы инновациялық амалдар» атты студенттік әлеуметтік жобалар сайысы өткізілді.
«Зика ауруы»
01 Наурыз 2016
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында 22 ақпан күні «Зика ауруы» тақырыбына байланысты таныстырысым өтті. Ақпаратты «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 6-037 топ интерні Дегембаев Сергей дайындады. Аудиторияда «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-курс студенттері, 6 және 7 курс интерндері, кафедра оқытушылары қатысты.
Үшінші «Біз-әртүрліміз, біз-теңбіз, біз-біргеміз» халық салт-дәстүрлері студенттік фестивалі
29 Ақпан 2016
22 ақпанда № 6 жатақханада «Біз-әртүрліміз, біз-теңбіз, біз-біргеміз» Фестивалі бастауын алды. Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған үшінші халық салт-дәстүрлері студенттік фестиваль этностар аптасы түрінде өтті.
БАТЫР БОЙЖЕТКЕН
29 Ақпан 2016
2016 жылдың 20 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуының 27 жылдығына арналған Қарағанды облысының қоян-қолтық ұрыс бойынша Чемпионаты өтті. Барлық облыс спортшылары қатысты.
ҚҮТТЫҚТАЙМЫЗ!
29 Ақпан 2016
Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің деканаты «Медициналық-профилактикалық ісі» мамандығының 2 - курс студенті Узакбаева Нуржанды Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған студент жастар арасындағы Х спартакиадада 2 орынға ие болғаны үшін құттықтайды (Қарағанды қ.)
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
29 Ақпан 2016
Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің деканаты «Медициналық-профилактикалық ісі» мамандығының 2 - курс студенті Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 27 жылдығына орай ұйымдастырылған жекпе – жекте (Қарағанды қ.) Мусин Азамат Қарағанды облысының жастар арасында 1 орынға ие болуымен құттықтайды.