Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттер командасының академик М. И. Перельман атындагы хирургия бойынша Бүкілресейлік студенттік олимпиадаға қатысудағы алғашқы тәжірибесі.

ҚММУ студенттер командасының академик М. И. Перельман атындагы хирургия бойынша Бүкілресейлік студенттік олимпиадаға қатысудағы алғашқы тәжірибесі.

11 Наурыз 2016

2016 жылдың 17-18 ақпаны аралығында Екатеринбург қаласы (Ресей) Орал мемлекеттік медицина академиясының негізінде Орал федералдық округінде хирургия бойынша Бүкілресейлік Мәскеу студенттік олимпиадасының 1 кезеңі өтті, бұған №2 Хиругиялық аурулар және патологиялық анатомия  кафедрасының менгерушісі Е. М. Тургунов басшылығымен  дайындалған ҚММУ студенттер командасы қатысты.

Команда құрамы: Долотбекуулу Амангельды 4059 ЖМ, Темирбаев Даниар 5094 ЖМ, Быкова Татьяна 4069 ЖМ, Берент Нелли 4073 ЖМ, Кенжебай Әділет 5094 ЖМ, Бекетова Меруерт 5016 ЖМ, Фролов Вадим 5111 ЖМ, Ребрик Иван 5081 ЖМ.

Іс – шара иелері жылы кабылдады. Олимпиада топографиялық анатомия және оперативті хирургия кафедрасында өтті, онда 5 ота жасау бөлмесі болды, әр бөлмеде биологиялық материалдар - ішек, жүрек және бүйрек сынды адамның ішкі мүшелері болды. Виварийде тәжірибелік жұмыстарға арналған иттер болды. Солардың біріне біз «Эндоскопия» байқаудың бір бөлігі болған аш ішектің перфорациясын тігу бойынша лапароскопиялық ота жасадық. Бізді кафедрада толық функционалды лапароскопиялық тіреудің бары таң қалдырды.

Олимпиада бағдарламасы мазмұнды болды, 11 байқау өткізу  көзделіп,  жүзеге асырылды: Хирургиялық түйіндер  тоқу, «Кеңірдек интубациясы», «Бүйрек трансплантациясы», « Қан тамырлар тігісі», «Сіңір, жүйке және тері тігісі», « Урологиялық байқау», «Ішек тігісі», «Эндоскопия», « Теориялық байқау».

Олимпиада нәтижесі бойынша, біздің команда 5 жүлделі орынға ие болды:

1  орынға « Тері тігісі» байқауында Даниар  Темирбаев, Әділет Кенжебай,  Меруерт  Бекетова ие болды;

2 орынға « Хирургия бойынша тестілеу» байқауында  Амангельды  Долотбекуулу ие болды;

3  орынға  «Ішек тігісі» байқауында Татьяна Быкова, Нелли Берент, Вадим  Фролов ие болды;

3  орынға «Кеңірдек интубациясы»  байқауында Меруерт Бекетова,  Вадим  Фролов ие болды;

3 орынға «Тігіс салу сапасын бағалайтын симулятор» байқауында Даниар  Темирбаев ие болды.

Олимпиада күндері ұйымдастырушылар бізге Екатеринбург қаласының Храм-на-крови, Обелиск "Европа-Азия" жане т.б көрнекті жерлерін көрсетті.

ҚММУ ректоры  Р. С. Досмагамбетоваға, оқу-әдістеме жұмысы бойынша проректоры В. В. Молотов – Лучанскийге, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы К. К Толеубековке, практикалық дағдылар орталығының директоры В. П. Рифлекске олимпиадаға дайындалуға және атсалысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.

Хирургиядағы тәжірибелік дағдылар мен теориялық білімі бойынша шетелдік олимпиадаға қатысу барысында ҚММУ  студенттері Ресейдің ірі медициналық ЖОО–ның өкілдерімен жоғары деңгейде бәсекеге түсе алатынын көрсетті. Болашақта біздің университет басшылығы мен  профессорлық-оқытушылық құрамның белсенді қолдауымен ҚММУ студенттері хирургия бойынша халықаралық және республикалық байқауларға  қатысуға және жеңуге мақсат қойып отыр.

Нурсауле  Сураншыбай

 «Жалпы медицина және стоматология»

факультетінің 5 курс студенті

«Эндоскопия»  байқауы.

«Сіңір, жүйке және тері тігісі» байқауы.

«Ішек тігісі» байқауы.

«Тігіс салу сапасын бағалайтын симулятор» байқауы.


0
10401

пікірлер

пікір қалдыру үшін.