Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Зика ауруы»

«Зика ауруы»

01 Наурыз 2016

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында 22 ақпан күні «Зика ауруы» тақырыбына байланысты таныстырысым өтті. Ақпаратты «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 6-037 топ интерні Дегембаев Сергей дайындады. Аудиторияда «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-курс студенттері, 6 және 7 курс интерндері, кафедра оқытушылары қатысты.

Ондаған жылдар бойы Зика ауруы өздігінен айқындалмады. Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. ДДҰ мәліметі бойынша бүгінде ауруды жұқтыру жағдайы 23 елде тіркелген. Аурудың даму деңгейі өте жоғары. Жаңа туған нәрестелер арасында микроцефалия мен Гийен-Барре синдромының кейінгі уақытта күрт дамуы осы вирустың пайда болуына әсер етті.

Зика вирусын жұқтыру, туа біткен ақаудың дамуы және неврологиялық синдромдар арасындағы себеп – салдарлық байланыс әзірге дәлелденбеген, алайда бұған маңызды күдіктер бар. Негізгі төрт себептеріне байланысты жағдайдың күрт өзгеруіне қарай ДДҰ алаңдаушылық білдіріп отыр:

  туа біткен ақаудың дамуы, вирусты жұқтыру және неврологиялық синдромдар арасындағы байланыстың болуы;

  дүние жүзінде вирустың одан әрі таралу ықтималдығы;

  осы вируспен алғаш рет кезігіп  отырған аудандарда иммунитеттің төмен болуы;

  вакцинаның, дәрілік құралдардың және аурудың жедел диагностикасын жасау құралдарының болмауы.


0
9640

пікірлер

пікір қалдыру үшін.