Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Әлеуметтік саладағы инновациялық амалдар»

«Әлеуметтік саладағы инновациялық амалдар»

01 Наурыз 2016

26 ақпанда академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-де университеттер арасындағы «Әлеуметтік саладағы инновациялық амалдар» атты студенттік әлеуметтік жобалар сайысы өткізілді.

Байқауға Қарағанды қаласының барлық ЖОО қатысты. Қатысушылар саны  15-тен астам болды. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан  Айгуль Джетибаева (3-007 ЖМ), Алуа Кенесова (3-009 ЖМ), Ағила Фазыл (3-010 ЖМ) қатысты.

Байқауда көптеген әлеуметтік бағыттағы жаңа жобалар ұсынылды. Оның ішінде балаларға, студенттерге, қарт адамдарға көмек көрсету жайлы, веложоба, киберспорт, адам қабілеттілігі мен танушылығын жоғарлататын бағдарламалар жайлы ұсыныстар да тыс қалмады. Біздің студенттер «Бақытты қариялық» атты жобасын ұсынған болатын. Жобаның басты мақсаты қарттар үйінде тұратын қарт адамдардың жасырын өнерлерін ашу болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша білікті әділ-қазылар қорытынды шығарды. Әділ-қазылардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен біздің университет жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қатысушы студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі қарай оқуда және өмірде жетістіктерге жетуді тілейміз. 

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
9327

пікірлер

пікір қалдыру үшін.