Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттердің еңбек ардагерімен кездесуі

Студенттердің еңбек ардагерімен кездесуі

03 Наурыз 2016

Наурыз мерекелерінің қарсаңында ҚММУ ардагерлер кеңесі мен жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бірлесе № 7 жатақханада тұратын 1-2 курс студенттерінің еңбек ардагері, физиология кафедрасының профессоры Поспелов Николай Ильичпен кездесуін өткізді. Н.И. Поспелов еңбек жылдарын біздің университеттің физиология кафедрасына арнады. Кездесуге жалпы медицина және стоматология факультет деканының орынбасары  А.М. Абаев, жастармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы А.А.Мамбетова, № 7 жатақхана СӨӨБК-нің төрағасы  Ж.У. Каримов қатысты.

Кездесу бейресми түрде, жылы және татулық жағдайда өтті. Николай Ильич әскери балалық шағы, оқу, қызмет ету жылдары туралы әңгіме айтты. Әңгіме барысында профессор студенттермен өз даналығымен бөлісті. Сонымен қатар, студенттерге әрдайым дамудың керектігін, ардагердің өзінің  егде жасына қарамастан, біздің мемлекетте және барлық әлемде болып жатқан жағдайларға  қызығушылық білдіретіндігін айтты.

Студенттердің бір сағат бойы ардагерді тыңдап, қызықтыратын сұрақтар қойып, пікір алмасқаны қуантады.

Кездесу соңында студенттер қызықты әңгімелер үшін ардагерге алғыс білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Аға ұрпақпен кездесу және олардың өмірімен танысу өте маңызды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастырады, адамгершілікке тәрбиелейді. Студенттер оқып жатқан унвиерситетінің және бүкіл мемлекеттің тарихын білуі тиіс.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
8915

пікірлер

пікір қалдыру үшін.