Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерей тойына орай...

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерей тойына орай...

11 Наурыз 2016

25.02.2016 жылы Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы меңгерушісі Қ.А.Темірғалиевтің бастамасымен  Ә.Бөкейханның 150  жылдық мерейтойына арналған конференция өтті.

“Алаштың Әлиханы”аталған осынау тарихи тұлғаның мерейтойы халықаралық ЮНЕСКО ұйымының деңгейінде  2016жылы  өтетіндігі туралы ұйымның Бас конференциясының ХХХVIII сессиясында шешім қабылданды.

Конференцияға қазақ және орыс бөлімдерінің әр түрлі мамандық студенттері қатысты,”Қоғамдық денсаулық сақтау” 2001 топ студенттері,МПІ- 1002 топ студенттері,”Стоматология” 1003,1004 топ студенттері және “Жалпы медицина”-117 топ студенттері қатысты.

Ә.Бөкейханның  өмірі,қоғамдық қызметі және оның шығармашылығы жайлы өте қызықты жобалар мен баяндамалар қазақ және орыс тілдерінде тыңдалды. “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 2001 топ студенттері  Ұ.Зияда мен А. Ескендірдара тұлға туралы тамаша жоба қорғады,сонымен бірге МПІ 1002 топ студенті Е.Заскалько тұлғаның саяси қызметі туралы баяндама жасады.

Алаш арысының ұлттық идеяларға толы қанатты сөздерін жастар арасына тарату, насихаттау ниетімен өткен конференцияның тарихи маңызы өте зор.

Конференцияны ұйымдастыру және өткізуге белсене атсалысқан аға оқытушылар К.Ж.Абдрахманова және А.Б.Долгополов болды.Конференцияға кафедра оқытушылары Г.Ғ.Алиева, А.Т.Бакирова, Б.Б.Рысбековалар қатысты.

Студенттер мен кафедра оқытушыларының сөйлеген сөздерінен кейін

“Қазақстан: тарих беттерінен” фильмі бойынша Ә.Бөкейханның өмірінің соңғы жылдарынан  үзінді  көрсетілді.

Осыдан кейін аудитория дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы,Ұлт көсемінің саяси қызметі, ХХғ басындағы рухани қазақ элитасы туралы, Алаш Орда ұлттық  мемлекеті туралы сұрақтар қойды.

Конференцияға қатысушылардың барлығының жұмыстарын аудитория үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Студенттер  аудиториясы, біздің пікірімізше ,Қазақстан тарихындағы осы бір жарқын тақырыпқа қатты мән берді.Конференцияның жастарға берері өте көп болды.

26.02.2016 ж

Кафедраның аға оқытушылары: К.Ж.Абдрахманова, А.Б.Долгополов.


0
8824

пікірлер

пікір қалдыру үшін.