Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үшінші «Біз-әртүрліміз, біз-теңбіз, біз-біргеміз» халық салт-дәстүрлері студенттік фестивалі

Үшінші «Біз-әртүрліміз, біз-теңбіз, біз-біргеміз» халық салт-дәстүрлері студенттік фестивалі

29 Ақпан 2016

22 ақпанда № 6 жатақханада «Біз-әртүрліміз, біз-теңбіз, біз-біргеміз» Фестивалі бастауын алды. Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған үшінші халық салт-дәстүрлері студенттік фестиваль этностар аптасы түрінде өтті.

Фестивальді идише және орыс тілдерінде «Тум балалайка» әні орындап еврейлер этномәдениеттік бірлестігінің өкілдері ашты. Жауап ретінде студенттер грек, қазақ және өзбек этностарын көрсетті.

 23 ақпанда эстафетаны № 2 жатақхана студенттері алды. Фествиаль қатысушылары Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет бойынша Департаментінен келген қонақтарды жаппай «Қара жорға» биімен таңқалдырды. Үндістанан келген бозбалалар мен қазақстандық бойжеткендер ұлттық киімдерде барлық жиналғандарға ақ ниетті қимылдарымен намысшыл және таймайтын, сонымен қатар ашық және жылы шырайлы Қазақстан рухын жеткізіп нағыз достық биін табыс етті.

Кеш бойы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөз сөйледі.

24 ақпанда № 3 жатақхана дағыстан және литва этномәдениеттік бірлестіктерінен келген қонақтарды қарсы алды.  Қонақтар өз халқы тарихынан көптеген қызықтарды айтып берді.

25 ақпанда № 7 жатақханада «союз казаков степного края» қонақтарын шашу және домбыра оркестрімен қарсы алды.  Фестиваль қатысушыларын қонақтар казактардың Қазақстанда мекендеген тарихымен таныстырды.

 26 ақпанда № 1 жатақхана этностар аптасының жабылу, фестивальдің аяқталуы салтанатты өтті. Өнерлері, салт-дәстүрлерге деген құрметі үшін поляк және украин этномәдениеттік бірлестіктерінің өкілдері, біздің ардагерлер студенттерге алғыс сөздерін айттты.

Апта бойы қазақша, украин, үнді және орысша әуендері шықты. Өзбек жібек шалбарларын, сонымен көктемдей жарқын  белорус веноктарын киген бишілер біркелкі әдемі болды. Басқа сөзбен айтқанда, фествиаль бағдарламасында Қазақстан бүкіл көпұлттығының гүлшоғыры көрсетілді.

Фестиваль 3-ші рет өткізіліп жатыр, бұл дәстүр көптеген жылдарға созылатынына біз үміттенеміз.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
10732

пікірлер

пікір қалдыру үшін.