Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пәнаралық студенттер конференциясы «Қазақстан - көптілді мемлекет»

Пәнаралық студенттер конференциясы «Қазақстан - көптілді мемлекет»

11 Наурыз 2016

Наурыз айының 4-ші жұлдызында қазақ, орыс және шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан - көптілді мемлекет» атты пәнаралық студенттер конференциясы өтті.

Бұл конференция  тәжірибелік сабақ түрінде  TBL (team based learning) элементтерімен жүргізілді, мұнда «Жалпы медицина» мамандығының 1-019 және 1-038 топтарының студенттері белсенді қатысты. Сабақ келесі кезеңдерден тұрды: жеке және топтық тестілеу.

Студенттер «Kazakh traditions and customs» тақырыбында ағылшын тіліндегі бейнефильммен танысып, сұрақтарға орыс және қазақ тілдерінде жауап берді. Студенттер ауызша жауап беру арқылы  өздерінің тіл білу қабілеттерін көрсетті. Студенттер аудиториясының үш тілді жоғары деңгейде меңгергендіктері анық байқалды және бұны барлық ҚММУ студент жастарына үлгі боларлықтай деп есептеуге болады.

«Кім жүйрік?» кезеңі студенттерге қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал мәтелдерді қаншалықты жетік меңгергендіктерін көрсетуге мүмкіндік берді, себебі, мақалдарды толықтырып, екі тілде баламаларын айту  қажет болды. Алайда, студенттер мүдіріп қалмай, тапсырмаларды толық орындады.

«Полиглот» сұрақ-жауап сайысы  «Қазақстан», «Салт-дәстүрлер», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағам», «Танымал тұлғалар» санаттары бойынша күрделілігі әр түрлі тапсырмалардан тұрды.

Студенттердің ғана емес, сондай-ақ қонақтардың арасында ең үлкен қызығушылық пен белсенділікті жандандырған «Импровизация» кезеңі болды.

Бұл кезеңде «Наурыз», «Бесікке салу», «Беташар», «Айтыс» сияқты қазақ халқының әдет-ғұрыптары  жайлы бейнефильмдерді сахналау және дыбыстау қажет болды. Студенттер берілген тапсырманы тамаша орындап шықты.

Қазылар алқасы қорытынды сөзінде топтардың  жұмыс нәтижесін және көшбасшы топты хабарлады. Студенттердің тіл дайындығы, сабақтағы белсенділіктері мен жасампаздығы, сонымен қатар, сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін ерекше атап өтті.


0
8638

пікірлер

пікір қалдыру үшін.